Павлодар облысындағы Успен ауданында IT-class ашылды
«Адами капитал – жаңғыру негізі» жетінші басым бағытын жүзеге асыру шеңберінде Елбасшының төртінші өнеркәсіптік революция жағдайының дамудың жаңа мүмкіндіктері дамыту халыққа жолдауында және оның аясыеда Павлодар облысы, Успен ауданында №3 Успен ЖОББМ базасында ағымдағы жылдың 25 мамырында IT-сынып ашылды. Жобаның басты мақсаты мектеп жасындағы балалар үшін жаңа замандағы IT-технологияларды білім беру жүйесінде қолдану мүмкіндіктері. IT-сыныптарда балалар қарапайым алгоритмдерді құрастыру, веб-сайттарды жасау, компьютерлік ойындар мен анимацияларды еуропалық білім беру стандарттарына сәйкес бағдарламалау дағдыларын меңгереді. Бұл IT-сыныптың ашылуы «Нұр Отан» партиясының «IT-SYNYPTAR» аясында жүзеге асты. Салтанатты шараға партияның Успен аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Бауыржан Қасенов, «Нұр Отан» партиясы Павлодар облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Илья Теренченко, «YBYRAI» Жас бағдарламашылар лигасы» қоғамдық қорының директоры Әзиза Шөжеева, «Жас Отан» ЖҚ Павлодар облыстық филиалының төрайымы Санира Жүсіпова және өзге де азаматтар қатысты. Өз сөзінде Ә. Шөжеева ашылған кабинеттің ерекшеліктерін атап өтті.