1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні
2018 жылдың 1 маусым күні Успен ауылында Халықаралық балаларды қорғау күніне және жазғы маусымның ашылуына орай мерекелік іс-шара өткізілді.
Мерекелік іс-шара театрланған, спорттық, шығармашылық алаңдардың жұмысынан басталды. Орталық алаңға балалар, ата-аналар және қонақтар жиналды. Мерекенің әдемі әрі әсерлі бөлімі осы жылы алғаш рет бастауын алған «Ана Life» аналар мен кішкентай бүлдіршіндердің және аудан мектептері оқушыларының шығармашылық ұйымдарының шеруімен жалғасты.
Іс-шараның қадірлі қонағы аудан әкімінің бірінші орынбасары Қабиболла Аманұлы Абушахманов барлық балаларды мерекелерімен құттықтап, оларға алдымен денсаулық, көтеріңкі көңіл күй, бақыт, нұрлы болашақ және жақсы жазғы демалысты тіледі.
Мерекенің жалғасы болып тартымды концерттік бағдарлама және №1 Успен орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Кошкин дом» мюзиклмен ұласты. Барлық балаларға тәтті сыйлықтар тарту етілді.
Мерекені ұйымдастырушыларға және барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз.