Успен ауданында Этноауыл мерекесінің ашылуы
Бүгін 19 маусымда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аудандық этноауылдардың экспедициясы өз жұмысын бастады. Ең алғашқы қонақтарды қарсы алу құқығы Қаратай мектебінің басқаруымен солтүстік бағытқа түсті. Көңілді әуен, қонақжайлы қожайындар мен ұлттық бейнеде безендірілген спортзалы өз қонақтарын қарсы алды. Балалар үшін киіз тоқу, тігу, жіп иіру, ұлттық оюларды тігу бойынша шебер-сыныптары ұйымдастырылды. Ұлттық дәстүрлерді көрсетуімен той өткізілді – баланың тууы туралы сүйінші хабар, ат қою, бесікке салу мен тұсау кесу.
Мерекеде домбыра мен әсем әңдер орындалып, ұлттық билер биленді. Қонақтар үшін ұлтық тағамдар әзірленді. Мереке асық ату мен арқан тарту бойынша спорт жарыстарымен аяқталды.