Успен ауданы педагогикалық қызметкерлерінің тамыз кеңесі
23 тамызда аудандық мәдениет үйінде білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз кеңесі өтті. Залда жергілікті атқарушы мекемелері, педагогикалық және ата-аналар қоғамының өкілдері, педагогикалық қызмет зейнеткерлері, үкіметтік емес ұйымдардың қызметкерлері болды.
Тамыз кеңесінде аудан әкімінің орынбасары А.А.Дисюпова мен білім беру бөлімінің басшысы Е.Инербаев сөз алды. Жаңа оқу жылы қарсаңында өткен оқу жылының қорытындысы жасалып, жаңа оқу жылына мақсат-міндеттер анықталды.
Конференция барысында ерекшеленген ұстаздарды марапаттаау жүргізілді. Осы жылы ауданда тұңғыш рет мектеп ұжымдарының сапалы қызметі үшін қаржылай сертификаттар табысталды. «Үздік мектеп- 2018» номинациясы бойынша және 300 мың теңге қаражатпен Павлов мектебінің ұжымы марапатталды. «Білім-инновация» номинациясы бойынша және 200 мың теңге ақжалай сыйлықпен №1 Успен мектебі марапатталды, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын орындау мен «Шығармашыл мектеп» номинациясы бойынша және 100 мың теңге ақшалай сыйлықпен Қаратай мектебінің ұжымы марапатталды. Сонымен қатар Қозыкеткен мектебі жазғы демалысты үздік ұйымдастыру бойынша «Жаз-2018» және мектеп жанындағы үздік үлескесі үшін «Үздік мектеп үлескесі-2018» Белоусов мектебі 100 мың теңге ақшалай сыйлыққа иеленді. «Этноауыл-2018» номинациясы бойынша және 60 мың теңге ақшалай сыйлықты Равнополь мен Таволжан мектептерінің қатысуымен Константинов мектебі жанындағы «Қарлығаш» лагері алды.
Білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі Катаев атындағы облыстық оқушылар сарайының жас өнерпаздарының әсерлі өнер көрсетуімен аяқталды.