2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін5
Кеше47
Апта327
Ай203
Барлық күндері107250

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

ХІІІ аудандық Мұқағали Мақатаев оқулары өз мәресіне жетті

 

    2018 жылдың 8-ші қазанында «Успен ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі №3 Успен жалпы орта блімі беру мектебінде өткізілген ХІІІ аудандық Мұқағали Мақатаев оқуларына 12 мектеп 27 оқушы қатысты. «Менің пірім - Мұқағали» атты жыр бөлімінде оқушылар ақын өлеңдерін жатқа оқыды. «Жауқазын жыр жанымды жүр мазалап» бөлімінде жас ақындар өз туындыларымен таныстырды. «Жыр эстафетасында» қатысушылар ақынның «Аққулар ұйықтағанда» және «Райымбек, Райымбек» поэмаларын мәнеріне келтіре отырып жатқа оқыды. Сайыстың төртінші бөлімінде берілген ұйқасты пайдалана отырып, тұжырымды, түйінді шумақтарды қолма-қол шығарып, шабытты жырларын ұсынды. «Өлеңмен өрілген ой» бөлімінде берілген өлең құрылысына қарай талдау жасады. «Мұқағали мұрасын кім көп біледі?» бөлімінде 1 минуттың ішінде ақын өмірі мен шығармашылығынан қаншалықты деңгейде хабардар екендігін анықтайтын 10 сұраққа жауап берді.

   Байқау нәтижесі келесідей болды: оқытуы қазақ тіліндегі мектептер арасында І орын Қаратай орта мектебінің 10 сынып оқушысы Құнанбай Жайдар; ІІ орын Константинов орта мектебінің 7 «а» сынып оқушысы Сундетов Бакитжан, ІІ орын Павлов орта мектебінің 6 «а» сынып оқушысы Сейітқазы Дамира; ІІІ орын №3 Успен орта мектебінің 9 сынып оқушысы Бектурганова Риза, Қозыкеткен орта мектебінің 7 «а» сынып оқушысы Тойкенова Индира, Қаратай орта мектебінің 6 сынып Сансызбай Фатима. Оқытуы орыс тіліндегі мектептер арасында: І орын Новопокров негізгі мектебінің 7 сынып оқушысы Джамбова Диана; ІІ орын Таволжан орта мектебінің 7 сынып оқушысы Достова Сабрина, ІІІ орын Галицк орта мектебінің 4 сынып оқушысы Ви Вита, №2 Успен орта мектебінің 5 сынып оқушысы Ленчина Галина, Лозовой орта мектебінің 11 сынып оқушысы Сагитчан Дәрия. Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған әнді нақышына келтіріп орындаған №2 Успен орта мектебінің 8 оқушы Пилько Диана болды.

   Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге аудандық білім бөлімінің тарапынан мадақталамар, алғыс хаттар табысталды. Жеңімпаздарымыз бен жүлдегерімізді құттықтаймыз!