Аудандық баскетбол лигасы
2018 жылдың 20 қазанында № 2 Успен ЖОББМ және № 3 Успен ЖОББМ спорт залдарында Ұлттық мектеп лигасы шеңберіндегі бірінші аудандық спартакиада бағдарламасы бойынша 2004-2006 жылдары туылған жасөспірімдер арасында баскетбол жарысы өткізілді. Жарысқа аудан мектептерінің 63 оқушысы қамтылуымен 8 команда ат салысты. Ойын қорытындысы бойынша үшінші орынды № 2 Успен ЖОББМ командасы, (команда құрамында Тивоняк В., Пудич М., Ширажиденов О., Сарсенбаев Р., Сатыбаев А., Шлейгель В., Юсупов Д., Бочковский И., жаттықтырушысы Лозовик Д.И.) иеленді, екінші орынды № 1 Успен ЖОББМ командасы (команда құрамында Головков Д., Усенов А., Мамошин И., Королёв А., Пашутин Н., Жумутов Ж., Каиртасов А., Голованов В., жаттықтырушысы Сагайдак М.Б.) иеленді, ал бірінші орынға Константинов ЖОББМ (команда құрамында Зеленый В., Легчилин Д., Мелокумов К., Ефименко А., Кутышенко И., Балдин И., Вертман Г., Кенжиев Б., жаттықтырушысы Мадениетов Ж.Б.) ие болды. Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері "Қайсар"БЖК атынан грамоталармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.