2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін17
Кеше77
Апта219
Ай1735
Барлық күндері121378

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

Хабарландыру

   Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 47- бабы 3-тармағы 1-тармақшасына сәйкес оқушылар мен тәрбиеленушілер мемлекеттік жалпыға міндетті оқу стандарттарына сәйкес тегін сапалы білім алуға құқылы.

   Білім беру ұйымдарында өз икемділіктері мен талаптарына сәйкес қосымша білім беру қызметтері мен білімдерін алуға ғана төлем көзделген, оған ақылы тестілеулер жатпайды.

   Осыдан басқа, «Ұлттық бірыңғай тестілеуді және кешенді тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығына сәйкес, ағымдағы жылда ЖОО-ға түсуге ниет білдірген мектеп түлектеріне білім беру ұйымдарының оқу бағдарламаларын меңгеру бойынша қызметтері тегін көрсетіледі.  

Аудандық «Жеті жұрттың тілін біл» конкурсы өз мәресіне жетті

   2015-2020 жылдарға арналған үш тілде білім беруді дамытудың Жол картасын жүзеге асыру «Елбасының «Үш тұғырлы тіл» жобасы ел болашағын баянды етуден туған, алысты көздеген мақсат. Ұлт көшбасшысының көреген саясатын ауылдық жерлерде одан әрі жетілдіру, жас ұрпақтың замани білім алуына қолдау көрсету негізінде аудан мектептері арасында 2018 жылдың 19 қыркүйек күні «Балдырған» балалар эстемткалық орталығының базасында «Жеті жұрттың тілін біл» конкурсы ұйымдастырылды.

Толығырақ...

ХІІІ аудандық Мұқағали Мақатаев оқулары өз мәресіне жетті

    2018 жылдың 8-ші қазанында «Успен ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі №3 Успен жалпы орта блімі беру мектебінде өткізілген ХІІІ аудандық Мұқағали Мақатаев оқуларына 12 мектеп 27 оқушы қатысты. «Менің пірім - Мұқағали» атты жыр бөлімінде оқушылар ақын өлеңдерін жатқа оқыды. «Жауқазын жыр жанымды жүр мазалап» бөлімінде жас ақындар өз туындыларымен таныстырды. «Жыр эстафетасында» қатысушылар ақынның «Аққулар ұйықтағанда» және «Райымбек, Райымбек» поэмаларын мәнеріне келтіре отырып жатқа оқыды. Сайыстың төртінші бөлімінде берілген ұйқасты пайдалана отырып, тұжырымды, түйінді шумақтарды қолма-қол шығарып, шабытты жырларын ұсынды. «Өлеңмен өрілген ой» бөлімінде берілген өлең құрылысына қарай талдау жасады. «Мұқағали мұрасын кім көп біледі?» бөлімінде 1 минуттың ішінде ақын өмірі мен шығармашылығынан қаншалықты деңгейде хабардар екендігін анықтайтын 10 сұраққа жауап берді.

Толығырақ...

Успен ауданында өтілген Республикалық Ата-аналар Конференциясы

    2018 жылдың 8-9 қыркүйек аралығында Успен ауданының мектептерінде 1 және 10-11 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған Республикалық Ата-аналар Конференциясы өтілді. Конференция «21 ғасырғы Қазақстан ата-аналары: Өз балаңа үлгі бол» атты тақырыбына негізделді. Аудандық оқушылардың ата-аналары, мектеп психологтары, сынып жетекшілері мен оқу және тәрбие жұмыстарының орынбасарлары арасында сапалы әрі пайдалы сұхбат жүргізілді. Бұл іс-шара Отбасы күнінің қарсаңында өтіліп, әр ата-анаға үлкен көмек ретінде болып саналды.

Толығырақ...

Ұстаз – мектептің жүрегі

    Білім саласы қызметкерлерінің мерекесіне орай ағымдағы жылдың 4 қазанында Успен ауылындағы аудандық Мәдениет үйі базасында салтанатты жиын өтті. Аталмыш шараға білім саласының ардагерлері, білім беру ұйымдарының директорлары және қоғамдық мекемелердің өкілдері қатысты. Аудан әкімінің орынбасары Қ.А.Абушахманов құттықтау сөз сөйлеп, бір топ озат мұғалімдерге алғыс хаттар табыстап, гүл шоқтарын ұсынды. «Ізденімпаз ұстаз» және «Шабыт» номинацияларымен білім беру ұйымдарының педагогтары мен қызметкерлері марапатталды. Сонымен бірге мадақтамалар мен естелік сыйлықтары табыс етілді.

Толығырақ...

«Денсаулық фестивалі – 2018»

    2018 жылдың 8 қыркүйек күні Успен ауданының мектептері мен балалар спорт мектебінің алаңында «Денсаулық фестивалі - 2018» өтілді. Фестивальдің ең басты мақсаты: дені сау, сана-сезімі оянған тұлғаны қалыптастыру. Сонымен қатар салауатты өмір салтын ұстанатын оқушыларды тәрбиелеу. Жоспар бойынша фестивальдің ашылу рәсімі флешмобпен басталып, кейін гимнастикалық жаттығулармен жалғастырылды.

Толығырақ...