2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін33
Кеше16
Апта33
Ай1178
Барлық күндері124654

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

«Адал жол» марафоны

    2018 жылғы 7 қыркүйекте Успен ауданында жемқорлыққа қарсы «Адал жол» марафоны бастау алды, шара аудандық Мәдениет үйінде өтті.

   Жемқорлық тақырыбы әлемдегі өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Жемқорлық барлық қызмет салаларында кездеседі, соның ішінде медицинада, білім беру жүйесінде, басқару құрылымында да. Осындай жаһандық мәселе аз уақыттың ішінде пайда болмайтыны барлығымызға мәлім. Заманауи жемқорлық механизмдерінің қалыптасуы мен күшейтілген уақытында білім алатын адамдар, яғни жас ұрпақ – бұл мәселемен күресуді жүргізу қажет.

Толығырақ...

Салем, Астана!

    «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсаты мен Астанамыздың 20-жылдығына сай іс-шаралардың дайындалу әрі өтілу жоспары бойынша Успен ауданының мектептері мен БЭО «Балдырғанда» 2018 жылдың 5-8 шілде аралығында келесі іс-шаралар өтілді: - Лекция-фотокөрме «Астана - 20»; - Астананың 20-жылдығына арналған «Астана – әсем қала» атты мерекелік іс-шаралар; - «Сәлем, Астана!» атты ойын-сауық бағдарламасы; - Спорттық ойындар; - Флешмоб; - Суреттер сайысы; - «Менің атым Қожа» атты көркем фильмді ақысыз көру.

Толығырақ...

Мемлекеттік тілде топ ашылды

    2018 жылғы 28 тамыз күні «2018-2020 жылдарға арналған Павлодар облысының мектепке дейінгі мекемелерді қазақ тілінде білім және тәрбие беруге кезең-кезеңімен көшіру» жоспарын іске асыру аясында және ҚР Конституция күні мерекесі қарсаңында Успен ауданының Тимирязев мектебі жанындағы шағын орталықта мемлекеттік тілдегі «Бота» шағын орталығының салтанатты ашылуы өтті. Топқа 10 тәрбиеленуші қабылданды.

   Бұл іс-шараға Успен ауданы білім бөлімінің басшысы Е.У. Инербаев, Белоусов ауылдық округінің әкімі Д.М. Аспанов, округ депутаты С.Ш. Елгондинов, тәрбиеленушілердің ата-аналары және ауыл тұрғындары қатысты..

Толығырақ...

Этноаул

   Киіз үй лагерінің екінші күні Успенка ауылының аумағында өтті. Іс-шараға №1,2,3 Успен мектептерінің және Қозыкеткен мектебінің балалары қатысты. Мереке барысында балалар қазақ және орыс халықтарының дәстүрлерімен танысты, Иван Купало жазғы мерекесінің қалай тойланатының және қазақ дәстүрлері бойынша күннің шығуын қалай қарсы алатыныңбілді, қайыңды айналып қазақ әндерін айтты, ойнады және тілектер тіледі.

   Одан кейін, балаларды қазақтың ұлттық тағамдарын дайындау бойынша шебер-сағаттары күтті, қуырдақ дайындалып, бауырсақ пісірілді, самауырларда шәйй қайнатылды, бұның барлығы этноауыл стиліне келтіріліп күннің көк шалғынында өтті. Балалардың көңілін аударғаны, бұл үлкен алтыбақанды тебу еді.

Толығырақ...

Успен ауданы педагогикалық қызметкерлерінің тамыз кеңесі

    23 тамызда аудандық мәдениет үйінде білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз кеңесі өтті. Залда жергілікті атқарушы мекемелері, педагогикалық және ата-аналар қоғамының өкілдері, педагогикалық қызмет зейнеткерлері, үкіметтік емес ұйымдардың қызметкерлері болды.

   Тамыз кеңесінде аудан әкімінің орынбасары А.А.Дисюпова мен білім беру бөлімінің басшысы Е.Инербаев сөз алды. Жаңа оқу жылы қарсаңында өткен оқу жылының қорытындысы жасалып, жаңа оқу жылына мақсат-міндеттер анықталды.

Толығырақ...

Успен ауданында Этноауыл мерекесінің ашылуы

   Бүгін 19 маусымда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аудандық этноауылдардың экспедициясы өз жұмысын бастады. Ең алғашқы қонақтарды қарсы алу құқығы Қаратай мектебінің басқаруымен солтүстік бағытқа түсті. Көңілді әуен, қонақжайлы қожайындар мен ұлттық бейнеде безендірілген спортзалы өз қонақтарын қарсы алды. Балалар үшін киіз тоқу, тігу, жіп иіру, ұлттық оюларды тігу бойынша шебер-сыныптары ұйымдастырылды. Ұлттық дәстүрлерді көрсетуімен той өткізілді – баланың тууы туралы сүйінші хабар, ат қою, бесікке салу мен тұсау кесу. 

Толығырақ...