2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін32
Кеше120
Апта152
Ай1896
Барлық күндері113338

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

15 мамыр жалпыұлттық ата-аналар жиналысы

   Успен ауданының барлық 19 мектебінде жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа 95% ата-ана келді. Жиналысқа жергілікті атқарушы органдарының, ішкі істер органдарының өкілдері, депутаттар, аудандық маслихат пен қауым өкілдері қатысты.

   Мақсаты – ата-аналарды жаңартылған білім беру мазмұны бойынша мемлекеттік білім беру саясатын талқылауға кіріктіру. Ата-аналармен мектеп өміріндегі Қамқоршылық Кеңесінің рөлі, «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, түлектердің қорытынды аттестатталуы мен жыл қорытындылары туралы сұрақтар талқыланды.

Толығырақ...

«Бүлдіршін» балалар шығармашылық фестивалі

       Успен ауданы мектептерінің балабақшалары, шағын орталықтары мен мектепалды даярлық топтарынан жүз отыз сегіз қатысушы жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Бүлдіршін» балалар шығармашылық фестиваліне қатысты. Фестиваль 24 сәуірде «Балдырған» балалар эстетикалық орталығында өткізілді. Балалар шығармашылығы мерекесіне әндер, билер, мәнерлеп оқу өнерлері ұсынылды.

   Байқау нәтижесі бойынша «Вокал» жанрында үздік атанғандар: кіші сәбилер тобындағы әншілер арасында Притыкина Кира , Павлов шағын орталығының ортаңғы топ тәрбиеленушісі Төлеубай Самира анықталды .

Толығырақ...

«Зерек бала - 2018»

       2018 жылдың 27 сәуірінде №3 Успен ЖОББМ-ң аясында «Зерек бала - 2018» атты аудан әкімі Б.Қ. Қасеновтың дарынды балалармен кездесу іс-шарасы өтті.

   Осы іс-шара қазақстандық патриотизм мен жалпы азаматтық құндылықтар негізінде жан-жақты үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеуде, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы бойынша «Саналы азамат» бағытындағы аудандық «Дарындыға дархан жол» жобасы шеңберінде ұйымдастырылды.

Толығырақ...

Аудандық «Жыл оқушысы - 2018» конкурсы

       2018 жылдың 6 сәуір күні «Балдырған» БЭО базасында аудандық «Жыл оқушысы - 2018» конкурсы өткізілді.

   Конкурстың мақсаты: білім алушыларда танымдық белсенділік, көшбасшылық қабілеттерін және дарынды жан-жақты оқушыларды көтермелеу болып табылады. Конкурсқа ауданның 15 білім мекемесінен 3-4, 5-7, 8-10 сынып буындарынан 19 оқушы қатысты.

   Конкурстың нәтижесінде 3-4 сыныптар арасында ІІІ орынға №2 Успен ЖОББМ 3 сынып оқушысы Арынова Адель және Новопокров НЖББМ 3 сынып оқушысы Тельникова София, ІІ орынға Галицк ЖОББМ 3 сынып Ви Вита және Белоусов ЖОББМ 4 сынып оқушысы Халютина Анастасия, І орынға Вознесен ЖОББМ 4 сынып оқушысы Фот Дарья және Таволжан ЖОББМ 3 сынып оқушысы Рафаил Есмира иеленді.

Толығырақ...

«Успен ауданында қалуымның бес себебі» аудандық зерттеу шығармашылық жобалар конкурсы

   Ауданда «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының «Өлкетану» базалық жобасы бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес, туған өлкеде қалудың бес себебі негізінде мектеп оқушылары арасында жобалар дайындалды.

   Ағымдағы жылдың 25 сәуірінде Успен ауылында «Балдырған» балалар эстетикалық орталығының базасында аудан мектептері арасында зерттеу шығармашылық жобалар конкурсы өтті.

   Конкурстың мақсаты - өз ауданының тарихына деген қызығушылықтарын арттыру, туған өлкесін сүюге дағдыландыру, қазақстандық патриотизмге қолдау көрсету.

Толығырақ...

Шаттық күндері

    «Наурыз – мейрамы» мерекесіне арналған айлық барысында ауданның барлық мектептерінде 3 және 4 сәуір аралығында ұлттық «Шаттық күндері» атты ойын күндері өткізілді. Аталған шаралардың басты мақсаты: ақсерек-көксерек, алқақотан, алтыбақан, айқыш-ұйқыш қазақ ұлттық ойындарымен таныстыру, қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлеріне қызығушылығын ояту болды.

    Жоғарғы сынып оқушыларының жетекшілігімен бастауыш сынып оқушылары үзіліс кезінде өте үлкен қызығушылықпен ойнады.

  Тәуліктің екінші бөлігінде 5-11 сынып оқушылары үшін «Асық ату» және «Тоғызқұмалақ» ойындары бойынша жарыстар ұйымдастырылды.

Толығырақ...