Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту
2018 жылдың 5 сәуірінде мектеп директорлары мен оқу ісінің орынбасарларына арналған «Ауылдық шағын жинақты мектептеріне инновациялық жүйені енгізу» тақырыбындағы семинар жұмысын №1 Успен жалпы орта білім беру мектебі жалғастырды.
Семинардың негізгі тақырыбы: «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту арқылы қорытынды аттестацияға дайындау»
Семинар барысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жолдарын көрсеткен 10 ашық сабақ өткізілді.
Тоғызқұмалақтан жарыс өтті
2018 жылдың 20 наурызында Успен ауылының «Балдырған» балалар-эстетикалық орталығында мектеп оқушыларының 27-ші аудандық жазғы спартакиадасы есебінен тоғызқұмалақтан жарыс өтті. Жарысқа 55 оқушының қамтылуымен ауданның 11 мектебі өз шеберлігін көрсетті. Жарыс нәтижесі бойынша орындар келесідей анықталды: жүлделі үшінші орынды Ковалёв ОМ, құрамы: Е. Манжос Е., Д. Дриц , Н. Дриц , М. Дубинина, Л. Бехтольд , жаттықтырушы - В.В. Дриц
Аудан мұғалімдерінің педагогикалық шеберлік деңгейін арттыру бойынша шаралар.
2018 жылдың 30 наурызында № 1 Успен ЖОББ мектебінің базасында «Ментальная арифметика» тақырыбы бойынша математика және бастауыш сынып мұғалімдері үшін облыстық семинар өтті. Семинарда аудан мектептерінен 15 педагог қатысты. Оқыту семинар аяқталған соң мұғалімдерге сертификат берілді.
Қазақ тілі мен әдебиеті оқытуы орыс тілдегі мектептердің мұғалімдеріне және тарих пәнінің мұғалімдеріне білім беру бағдарламасы бойынша білім мазмұнын жаңарту жағдайында 5,7 сыныпта сабақ беретін мұғалімдер үшін шығармашылық топ отырысы өткізілді. Отырыс барасында мұғалімдер 4 тоқсанға өз сыныптарының деңгейіне бейімделген БЖБ және ТЖБ тапсырмалар құрастырылды.
Аудан психологтары үшін «Суицид әрекетерінің алдын алу» тақырыбы бойынша семинар өткізілді. Семинарға ауданнан 13 психолог қатысты. Семинар барасында ауданының еңбек жолын жаңадан бастаған жас психологтарға әдістемелік көмек көрсетілді және проблемалық сұрақтар талқыланды.
«Наурыз шақырады»
Наурыз мейрамын мерекелеу және Рухани Жаңғыру бағдарламасын іске асыру шеңберінде ағымдағы жылдың 19 наурызында аудандық Мәдениет үйінде «Наурыз шақырады» мерекесі дәстүрлі түрде өткізілді, бұл шараға ауданның барлық мектептері қатысты.
Іс-шара мақсаты қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына, ұлттық мерекелеріне деген қызығушылықты дамыту, Наурыз мейрамы - ұлтаралық мереке түсінігін қалыптастыру, қазақ халқының дәстүрлеріне ұлтшылдықты дағдыландыру.
«Шуақты көктем»
2018 жылдың 15 наурыз күні БЭО «Балдырған» базасында «Шуақты көктем» атты аудандық, музыкалық, шығармашылық конкурс өтті. Конкурста аудан мектептерінен 100 оқушы қатысты. Конкурс үш жас ерекшелік бойынша: кіші топ – 7-10 жас, ортаңғы топ – 11-13 жас, ересектер тобы – 14-17 жас аралығында және «Вокал», «Аспаптық музыка», «Хореография» үш номинациясы бойынша өткізілді.