2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін25
Кеше83
Апта237
Ай935
Барлық күндері124411

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

BilimBook істе

   «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын іске асыру аясында 2018 жылдың 1 наурыз күні Успен ауданындағы №3 Успен жалпы орта білім беру мектебінде Bilimbook құрылғыларымен жабдықталған BilimClass кабинетінің жұмыс жасауы бойынша семинар өтті.

   Кездесуге «BilimMediaGroup» компаниясының атынан клиенттермен жұмыс жасау департаментінің директоры Г.М. Шуленбаева, Павлодар облыстық ақпараттық технологиялар орталығының өкілдері: ақпараттық-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі – Қ.Е. Бекбергенова, электронды оқыту жүйесі бөлімінің меңгерушісі Е.С. Байкенов және әдіскері – А.Т. Акишпаева қатысты.

Толығырақ...

Пән мұғалімдері арасындағы пәндер олимпиадасының аудандық кезеңі

   2018 жылдың 23 ақпанында №2 Успен ЖОББМ базасында аудандық мұғалімдер арасындағы пәндер олимпиадасы өтті.

   Биыл ауданның 19 мектебінен 75 мұғалім қатысты. Жүлдегерлер саны 21 мұғалім, бұл қатысушылардың жалпы санының 28 % құрайды, былтырғы жылмен салыстырғанда нәтиже +10% динамиканы көрсетті.

   «Қазақ тілі» пәні бойынша орыс тілді мектептерден 9 білім мекемесінен 10 мұғалім қатысты. 1 орын Константинов ЖОББМ мұғалімі А. П. Бабакулова, 2 орын Богатырь НЖББМ мұғалімі Е.А. Пучнина, 3 орын №1 Успен ЖОББМ А.М. Бекенова иеленді.

Толығырақ...

«Дарынды балаларға - талантты ұстаз»

   2018 жылдың 27 ақпанында «Балдырған» балалар эстетикалық орталығының базасында «Дарынды балаларға - талантты ұстаз» Республикалық педагогикалық олимпиадасы өткізілді.

   Педагогикалық олимпиаданы негізгі идеясы - жас педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасау; білім беру жүйесін жетілдіруге жас мұғалімдердің белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыру, оқу үрдісіне жаңашыл әдістер мен технологиялар енгізу.

   Олимпиада мазмұны шынай білім беру үдерісі жағдайында кәсіби педагогикалық шеберлігін көрсетуге, кәсіби педагогикалық қызмет аясында педагогтың шығармашылық өзін-өзі таныту және өзін-өзі анықтауға мүмкіндік беретін конкурстық тапсырмаларды қарастырады.

Толығырақ...

«Жасөспірім – Заң – Қауіпсіздік» акциясы аясындағы экскурсия

   Бақытты балалық шақ аясында» имидждік жобасын іске асыру шеңберінде 2018 жылдың 22 ақпанда «Жасөспірім – Заң – Қауіпсіздік» республикалық кең ауқымды акциясы аясында ауданның үш мектебінің жоғары сынып оқушыларына Успен ауданы ІІБ-нің базасында эксурсия өткізілді. Ауданның мектептерінен 87 оқушы қатысты. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі ІІБ инспекторы А.С. Аралбаев тыңдаушыларға кіріспе сөзін айтып, іс-шараның мақсатымен кездесу тәртібімен таныстырды.

Толығырақ...

Абай оқулары

   2018 жылғы 28 ақпан күні «Балдырған» БЭО базасында білім бөлімінің ұйымдастыруымен 5-10 сынып оқушылары арасында аудандық Абай оқулары өтті.

   Конкурстың мақсаты: мектеп оқушылары арасында Абай шығармаларын насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын дамыту болып табылады.

   Абай оқуларына ауданның 12 мектебінен 34 оқушы қатысты. Конкурс төрт бағыт бойынша өткізілді: «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы», «Көңілім әнді ұғады», «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда», «Ұлылар әлемі» - Абай және Шәкәрім еңбектеріне эссе жазу конкурсы.

Толығырақ...

«Жасөспірім – Заң – Қауіпсіздік» акциясы

    Успен ауданында «Бақытты балалық шақ аясында» имидждік жобасы шеңберінде білім беру бөлімімен бірлесе кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі ІІО инспекторы А.С. Аралбаевпен 2018 жылдың 19 ақпанынан «Жасөспірім – Заң – Қауіпсіздік» акциясы басталды. Акцияны іске асыру барысында ауданның 19 мектептерінде 680 оқушыны қамтумен профилактикалық әңгімелер өткізілуде. Іс-шараның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, сонымен қатар олардың құқықтық сауаттылығын арттыру.

Толығырақ...