Семинар-кеңес
2018 жылғы 19 қараша күні "Балдырған" БЭО базасында Павлодар облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің камералдық бақылау бөлімінің бас маманы Асхат Қайыркенұлы Жансейітовтың қатысуымен мектеп директорлары, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және мектеп бухгалтерлері үшін семинар-кеңесі өтті.
Семинар-кеңес барысында орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқитын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу ережелері және Мемлекеттік сатып алу саласындағы ҚР заңнамасы туралы түсініктемелер берілді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсету саласында туындайтын сұрақтар мен мәселелер талқыланды. Барлық сұрақтарға түсініктеме берілді.
Успен ауданының білім беру мекемелерінде Қазақстан Республикасы Ұлттық валютасының 25 жылдығын мерекелеуге арналған өткізілген іс-шаралар
2018 жылдың 15 қарашасында Успен ауданының мектептерінде қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, ұлттық атрибуттар мен рәміздерді, тарихты, дәстүрлерді құрметтеу мақсатында бірқатар іс-шаралар өткізілді:
"Теңге - Қазақстанның экономикалық тәуелсіздігінің символы" атты танымдық үзілістер өткізілді. Іс-шараның мақсаты: ұлттық валютаның – теңге мен елдің әлемдік қоғамдастықтағы рөлі мен орнын анықтау, патриоттық сезімге, Отанға деген сүйіспеншілікке, адамгершілікке тәрбиелеу. Оқушылар ұлттық валюта – теңгенің пайда болу тарихы туралы қызықты ақпарат алды, жаңа банкноталар дизайнының элементтерімен танысты, оларды безендірді, мерейтойлық және естелік монеталар жасалатын Өскемен қаласының монеталар ауласы туралы танып білді, танымдық викторинаға белсенді қатысты.
Көшпелі әдістемелік күн
2018 жылғы 20 қарашада білім бөлімінің жоспарына сәйкес, Ольгин жалпы орта білім беру мектебінің базасында жас мамандарға көшпелі аудандық әдістемелік семинар өтті.
Мақсаты - жас мамандарды педагогикалық жаңашылдыққа үйрету. Әдістемелік көмек көрсету арқылы педагогтардың кәсіби құзыреттіліктерін дамыту.
Семинар жұмысына білім бөлімінің әдіскерлері және Қозыкеткен, Павлов орта мектептерінің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Кәсіби бағдар
2018 жылдың 12 қараша күні Успен ауылындағы "Балдырған" атты БЭО базасында С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің өкілдері білім алушыларды кәсіптік бағдарлау және олардың жоғары оқу орнын таңдауда кәсіби өзін-өзі айқындауын қолдау мақсатында түлектер және 9-10 сынып оқушыларымен кездесті.
Кездесуді С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың ғылыми – инновациялық жұмыс жөніндегі проректоры – Ержанов Нұрлан Тельманұлы, экономика және бизнес Мемлекеттік басқару факультетінің деканы – Эрназаров Тахир Эздурдиевич, экономика және бизнес Мемлекеттік басқару факультеті деканының орынбасары - Стегайло Ирина Викторовна, "Foundation" факультетінің кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша сектор меңгерушісі – Қонақбаева Гүлназ Ертайқызы, қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы-Шабанова Динара Маратқызы өткізді.
"Жас Ұлан" балалар-жасөспірімдер ұйымдарының ІХ құрылтайы
2018 жылғы 16-17 қараша күндері Мичурино ауылындағы «Балдәурен» оқу - сауықтыру орталығында» КМҚК «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының «Болашақ біздің қолымызда - Будущее за нами!» атты ІХ облыстық құрылтайы өтті. Успен ауданының делегациясын Успен мектептерінің белсенділері: Манжос Екатерина, Манжос Валентина, Лисицыной Маргарита, Абилова Гульдана, Зейнолла Тілек, Калкаманов Темирлан, БЭО «Балдырған» әдіскері - В. Н. Абарова, және Новопокров мектебінің аға тәлімгері Н. А. Кириченко.
Балалар уақытты өте қызықты өткізді, «Тиімді көшбасшылық шеберханасы» көшбасшылар академиясының отырысына, балалар қозғалысы мәселелері бойынша дөңгелек үстелдегі кездесуге, балалар мен ересектер палаталарының отырыстарына қатысты. Әр ауданның ұйымы «Болашақ біздің қолымызда» атты визиткасын ұсынды. Ақпараттық технологиялар бойынша семинар-тренинг өте қызықты өтті. Балалар «Көшбасшы бәрінде!» атты квест өтті, «Қыранбасшы» пікірталас сағатын өткізіп, балалардың әлеуметтік бастамаларының көрмесін ұйымдастырды.
Аудандық семинар өтті
Ағымдағы жылдың 8 қарашасында №3 Успен ЖОББМ базасында Успен ауданының білім беру бөлімі аудандық орталық ауруханамен, АІІБ жанындағы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекциямен және кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі аудандық комиссияның хатшысымен бірлесіп «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты республикалық акциясының онкүндік іс-шарасын ашты.
«Жыныстық тиіспеушілік. Кәмелетке толмағандардың жыныстық тәрбиесі» тақырыбы бойынша директордың тәрбие және оқу ісі жөніндегі орынбасарлары мен аудан мектептерінің психологтары үшін онкүндік аясында семинар өтті.