2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін63
Кеше44
Апта63
Ай1705
Барлық күндері106986

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

Астананың 20 жылдығына арналған шаңғы жарысы өз мәресіне жетті

   Астананың 20 жылдығын мерекелеу аясында ағымдығы жылдың 9 ақпан күні № 2 Успен ЖОББМ стадионында жеке есеп бойынша шаңғы жарысы өткізілді. Жарысқа №1 Успен ЖОББМ, №2 Успен ЖОББМ және №3 Успен ЖОББМ жалпы саны 30 бала қатысты. 3 шақырым ара қашықтықта жастар арасындағы жарыста үшінші орынды В. Кулага № 2 ЖОББМ оқушысы , екінші орынды А. Таласпаев № 3 Успен ЖОБММ оқушысы , және бірінші орынды № 2 ЖОББМ оқушысы В.Тивоняк жеңіске жетті. Ал 2 шақырым ара қашықтықта қыздар арасындағы жарыста үшінші орынды А. Қажыбаева № 3 Успен ЖОББМ оқушысы, екінші орынды О.Гриценко, бірінші орынды С. Зиньковская № 2 Успен ЖОББМ оқушылары иеленді. Ата-аналар мен оқушылар өздерінің қатысушыларына жанкүйер болуға келді. Женімпаздарды құттықтаймыз!

Толығырақ...

Қамқоршылық кеңесінің жаңа форматы

   Жаңа оқу жылынан бастап, Успен ауданы білім беру жүйелерінің қамқоршылық кеңестері жаңа форматқа ауысты. Білім сапасын жақсарту үшін, оқу орындарының басшыларымен бірге бюджетті қалыптастыруға қатысу және әкімшілік есептерін қабылдау – бұл қазіргі қамқоршылық кеңесінің өкілеттік спекторы болып табылады.

   Павлодар облысының білім саласын бақылау Департаменті осы сұрақ бойынша облыстың қалалары мен аудандарына шығу барысында тақырыптық семинарлар, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өткізеді. 2018 жылдың 8 ақпанында №3 Успен мектебінің базасында Павлодар облысының білім саласын бақылау Департамент басшысы Е. Аязбаевтың қатысуымен Успен ауданының қамқоршылық кеңесімен кездесу өтті.

Толығырақ...

«Тәуелсіздік дәуірі» кітабы – егеменді елдің шежіресі

   Успен ауданының барлық 19 мектебінде Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының тұсау кесері өтті. Қамту аясы орта және жоғарғы буын оқушыларынан 290 баланы қамтыды.

   Шараның мақсаты - оқырмандар пікірін қалыптастыру, оқушыларды патриотизмге және оқыған кітапқа талдау жасай білуге тәрбиелеу болып табылады. Біздің Президентіміздің кітабы ең алдымен болашаққа өз жолымен сенімді қадам басқан және қолдау көрсеткен халыққа арналған. Тарихи публицистика жанрында жазылған «Тәуелсіздік дәуірі» кітабында Нұрсұлтан Әбішұлының еліміздің жаңа тарихына және болашаққа деген көзқарасы, бұдан әрі жалғастырар жолы туралы принциптері баяндалған, Президенттің кітабы біздің тәуелсіздігіміздің энциклопедиясы, кітапта еліміздің өмірінің барлық қырлары, саяси, экономикалық және рухани өмірі жайлы оқиғалар қамтылған.

Толығырақ...

Успен аудандық білім бөлімінің ҚР Президенті Н.А.Назарбаевың Жолдауы ұйымдастырылған көрмесі бойынша ақпараты

   Успен ауданының 19 мектебінде республика Президентінің 2018 жылдың қаңтарындағы Қазақстан халқына арналған кезекті Жолдауына орай іс-шаралар өткізілді.

   Барлық мектептерде «Тұңғыш Президент» көрмесі тұрақты жұмыс істейді, көрмеге Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кітаптары, елбасы ретіндегі қызметі, тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері туралы мәліметтер қойылған.

   Президенттің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы жарық көргеннен кейін Жолдаудың мәтіні екі тілде Тұңғыш Президент туралы көрмені толықтыра түсті және тек қана балалар емес мұғалімдер ұжымының назарында, олар ұсынылған материалдардың көпшілігін өз сабақтарында және тәрбие процесінде қолданады.

Толығырақ...

Бүгін менің туған күнім, ой пәлі - ай!...»

   Успен ауданының білім беру ошақтарында ағымдағы жылдың 9 ақпан күні ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған шаралар өтті.

   Мақсаты - ақын өмірі, шығармашылығымен таныстыру, өлеңдерінің тәрбиелік мәнін түсіндіру, қазақ халқына, тілге, Отанға сүйіспеншілік сезімдерін арттыру. Іс-шара әртүрлі формада өткізілді. Ашық журнал, танымдық сағат, әдебие-музыкалық кеш, кітап көрмелері, тәрбие сағаттары өткізілді. Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері ақын өмірінен сыр шертетін ашық журнал дайындады.

Толығырақ...

"Қиялымдағы - Астана "конкурсының өткізілгені туралы нәтижесі

   Астана қаласының 20жылдық мерейтойын атап өтуге арналған "Қиялымдағы - Астана " тақырыбында суреттер конкурсы өтті. Конкурс 2018 жылдың 30 қаңтар - 02 ақпан аралығында өткізілді. Бұл конкурста Успен ауданының 11 мектептің 1-8 сыныптар арасындағы жас суреттшілер қатысты. Осы конкурсқа балалар шыңайы, нағыз шығармашылықпен қатысты. Олар фломасстер, қарындаш және бояулар көмегімен өте көрнекті және әдемі суреттер салды. Балалар өздерінің жұмыстарында қаланың ең көрнекті орындары мен жерлері туралы өз білімдерін көрсетті. Аудан мектептерінің 1-8 сынып оқушылары өздерінің суреттерінде тек ғана көрнекті жерлерді емес, соңымен қатар кең даламызды, өзендер мен көлдер және т.б. салып көрсеткен.

Толығырақ...