ОЖСБ-ға ДАЙЫНДЫҚ
Оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ОЖСБ) – білім беру ұйымдарынан тәуелсіз жүргізілетін оқыту сапасы мониторингісінің бір түрі.
2015-2016 оқу жылына ОЖСБ-ға дайындық және оқушылардың білім сапасын жақсартуға арналған іс-шаралар жоспары құрылды. Осы жоспардың негізінде білім беру сапасын бағалаудың мектеп жүйесінің моделін реттейтін локальді нормативтік база құрылды.
Мектепте оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру үшін жағымды жағдайлар жасалған. Педагогикалық ұжым жұмысының басты міндеті қазақ тілі, қазақ әдебиеті (қазақ сыныптарында), орыс тілі, орыс әдебиеті (орыс сыныптарында), Қазақстан тарихы, алгебра, дүние тарихы, география, физика, биология, геометрия, химия, ағылшын тілі пәндері бойынша білім сапасын көтеру болып табылады. Оқу-тәрбие үрдісінің сапасын жақсарту және ОЖСБ-ға дайындық ғылыми-әдістемелік сипатта және диагностикалық негізге құрылған.
Дайындық кезеңінде мұғалімдер ОЖСБ-ға дайындық бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Емтихандарды тапсырудың тесттік жүйесі оқушылар үшін психологиялық жағынан қиыншылық тудырғандықтан, мұғалімдерге сабақтарында жаттығу тренингтерін өткізу туралы ұсыныс жасалынды. 9-сыныптарда сабақ беретін барлық пән мұғалімдері бұл ұсынысқа сәйкес жұмыс жасауда. Әр кабинетте 9-сыныптарға арналған сынып бұрыштарында байқау тестілеулерінен кейінгі рейтингтік ақпарат берілген.
ОЖСБ-ға дайындық бойынша нәтижелі жұмысты келесі бағыттар бойынша жүргізеді:
- - білім беру сапасын бақылаудың формасы ретінде тестілеуді белсенді енгізу;
- - тесттерді қолдану технологиясын үйрету;
- - тест материалымен жұмыс жасауда уақытты бақылау және реттеу дағдыларын жетілдіру;
- - пәндер бойынша оқу материалдарымен жұмыс жасау;
- - байқау тестілеулерінен кейін жеке дайындық сабақтарын өткізу; ата-аналармен жұмыс;
- - тестілеуге дайындаудағы психологиялық жұмыс;
- - оқыту мен дайындаудағы дифференциялық әрекет; пәндер бойынша білім сапасының мониторингісі.
Мектеп әкімшілігі 9-сынып оқушыларының ата-аналарымен жиналыс өткізіп, оқушылардың ОЖСБ-ға сапалы дайындық мәселесі талқыланды. Ата-аналарға ОЖСБ-ны және мемлекеттік емтихандарды тапсыру ережелері туралы мәлімет берілді.