2
3
4
5

Поиск по сайту


Статистика сайта

Сегодня4
Вчера57
За неделю115
За месяц1347
Всего106628

 

Горячая линия

liniya

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

Контакт-центр
по защите прав детей
111
100 logo ru

 

114

Материалы

1-ші сынып оқушыларын диагностикалауға арналған әдістемелер жинағы

 

Неліктен балада қиыншылық туындауы мүмкін

1.Мектепте жаңа талаптар қойылады:зейінмен тыңдауға, енжар болмауға, белгіленген ережелермен тәртіпке бағынуға

2. Ата-аналар тарапынан жаңа талаптар қойылады: күн тәртібінің өзгеруі, мінез-құлықта дербестіктің пайда болуы, өз-өзіне қызмет көрсету бойынша тапсырмаларды орындау.

3.Бала құрдастарымен жаңа қарым –қатынасқа түседі:бала барлығы секілді оқи ала ма,онымен балалар достаса ала ма, оны сөзбен,әрекетпен ренжітпейме деп уайымдай бастайды.

Үш “Б” заңы.

Бейімделу –ата-ананың міндеті моральдық және эмоционалдық қолдау көрсету.

Белсенділікпедагогпен тығыз байланыс орнату, кеңестерге құлақ асу, мектеп өміріне қатысу.

Бедел ата-ананың беделін жаңа деңгейге нығайту және дамыту, мұғалімнің,мектептің беделін қалыптастыру.

 

Бірінші “Б” заңы: Баланы мектепке оқуға бейімдеу.

 

Ата-аналарға кеңес.

Бірінші кеңес

Балаңызға керек нәрсенің ең маңыздысы бұл сіздің ықыласыңыз.

Шыдамды болыңыз: оның мектеп туралы айтқан әңгімелерін зейін қойып тыңдаңыз, нақтылайтын сұрақтар қойыңыз.

Есіңізде болсын:сіз үшін қанша маңызды емес нәрсе, сіздің ұлыңыз немесе қызыңыз үшін сол күнгі толқуға толы оқиға болып шығуы мүмкін.

Балаңызды зейін қойып тыңдаңыз:сонда балаға сіздің қандай көмегіңіз керектігін, мұғаліммен не туралы сөйлесу керектігін, сіз онымен мектеп жанында қоштасқаннан кейін баламен шын мәнінде не болатындығын түсіне аласыз.

Оқушыға әкенің де, ананың да ықыласы қажет:оған үй тірліктерімен, теледидар қараумен , компьютер ойнаумен араластырмай, арнайы ол үшін уақыт бөлуді ұмытпаңыз.

Есіңізде болсын:“Балаңыз теріс қылықтар жасап, махаббатқа лайық болмаған кезде, аса зәру болатыны –сіздің махаббатыңыз, сіздің мейіріміңіз” ( поляк педагогы, жазушысы Януш Корчак)

Егер бала сіздің оның істеріне, жұмыстарына көңіл бөлгеніңізді көрсе,ол міндетті түрде сіздің қолдауыңызды сезінеді.

Екінші кеңес:

Баланың мектеп оқушысы болу талпынысын қолдаңыз, оқуға деген ықыласын дамытыңыз және көтермелеңіз.

Балаңыздың мектептегі істері мен жұмыстарына деген қызығушылығыңызды шын жүректен білдіріңіз.

Оның жетістіктерін айтыңыз, мақтауға сараң болмаңыз, міндетті түрде оның әрбір жұмысында мақтауға болатын нәрсе табыңыз.

Есіңізде болсын:мақтау мен эмоционалдық қолдау ( “Жарайсың!” , “Сондай жақсы орындадың!” ) баланың зияткерлік жетістіктерін арттырады.

Үшінші кеңес:

Балаға жаңа өмір тәртібіне дағдылануға көмектесіңіз.

Баламен ол мектепте кездескен ережелер мен нормаларды талқылаңыз.Олардың қажеттілігі мен жөнділігін түсіндіріңіз.

Балаңызбен бірге күн тәртібін құрыңыз, оның сақталуын қадағалаңыз.

Күн тәртібі бірінші класс оқушысының өмірінде аса маңызды,Баланың өмірінде жинақылықты, тәртіптілікті қажет ететін жаңа міндеттер пайда болды – күн тәртібі еңбек пен демалысты дұрыс үйлестіруге жаңа өмір жағдайларына үйренуге көмектеседі.

Баланың үй тапсырмасының орындау ұзақтығын (бірінші сыныпта оқуды қоса алғанда 1-1,5 сағат ) сондай –ақ ұйқы уақытын (толыққанды демалу үшін ұйқы тәулігіне 9-10 сағаттан кем болмау тиіс ) бақылаңыз.

Есіңізде болсын:күн тәртібінде қозғалысы аз әрекет түрлерін белсенді қимыл әрекеттерімен, зияткерлік және қимыл әрекеті түрлерімен алмастырып отыру қажет.

Қаралатын телебағдарламалардың санының және сапасының, компьютерде ойын ойнау уақытының азайтылуын қадағалаңыз.

Төртінші кеңес:

Баланың мектептегі қиыншылықтарына сабырлықпен қараңыз.

Бала мектептен келді – оны сұрақтың астына алуға асықпаңыз, өзін еркін ұстауға мүмкіндік беріңіз.Егер оның ренжіп тұрғанын көрсеңіз, кейінірек жайлы әңгіме барысында оның мазасыздығының себебін білуге тырысқан дұрыс.

Есіңізде болсын:Бала үшін бір нәрсені істей алмау, бірдеңені білмеу –бұл қалыпты жағдай. Ол сол үшін де бала – бұл үшін кінәлауға болмайдыКіналау баланың өз өзіне деген бағасын түсіреді.Өзіне деген сенімділікті жоғалтады.

Баланың қателесуге құқығы бар.Сіздің балаңызмектепке оқу үшін келді.Адам бір нәрсені үйренгенде, бірден меңгеріп кетпейді, бұл табиғи нәрсе.

Ата-анасының байсалдылығын, сенімділігін көргенде, бала мектептен қорықпау керектігін сезінеді.

Бесінші кеңес:

Балаңызға құрдастарымен қарым-қатынас орнатуға және өзін сенімді сезінуге көмектесіңіз.

Көпшілдігі үшін балаңызды мақтаңыз,оның мектептегі барлық таныстарына қуанышты екендігіңізді айтып білдіріңіз.

Онымен құрдастарымен араласу ережелері туралы сөйлесіңіз. Балаңызға басқалар үшін қызықты болуға көмектесіңіз.

Балаңызға жаңа ойындар үйретіңіз, достарына көрсете алатындай.

Балаңыздың сыныптастарымен танысыңыз, үйіңізге қонаққа шақырыңыз. Қарапайым шай ішу, ал кішкентай үй иесі қонақ күтуді үйренеді.

Балаңыздың мектептегі жолдастарының көңілін қымбат ойыншықтармен ,тәттілермен, “қымбат киіммен” сатып алу дұрыс емес. Бұлай сіздің балаңыз өзінен –өзі басқаларға қажет болуды үйренбейді.Сіздің ұлыңыз немесе қызыңыз сыныптастарының іштарлығына, құптамауына ұшырауы мүмкін

Өзіне сенімді, көпшіл бала кез келген жағдайға тезірек әрі байсалдырақ бейімделеді.

Екінші “Б” заңы Бедел. Ата-ананың беделі.

Балаңызбен тең құқыда сөйлеңіз және қарым-қатынас жасау үлгілерін көрсетіңіз. Отбасының барлық мүшелерінің баламен сөйлесуінің біріңғай тактикасын жасаңызБалаңың көзінше өз пікірін қайшылықтарыңыз жайлы айтысқан дұрыс мес. Барлық келіспеушіліктер есіктің сыртында қалуы тиіс.Өз пікіріңізді айтыңыз, бірақ балаға қандай да бір проблемаға деген өз көзқарасыңыздан таңбаңыз.

Ұмытпаңыз:бала өмірге деген өз көз қарасын қалыптастырады, ол сіздікінен басқаша болуы мүмкін. Балаға өз пікірін білдіру үшін жеткілікті уақыт беріңіз.Оның вербальды белсенділігіне кеңшілік беріңіз.

Табысты оқу көп жағдайда отбасы мен мектептің ынтымақтастығына байланысты, сондықтан кез келген уақытта өз шаруаларыңызды тастап, баламен айналысуға дайын болыңыз.

Үшінші “Б” заңы Белсенділік.

Отбасы мен мектептің белсенді ынтымақтастығы ата-аналардың жіберуі мүмкін төрт маңызды қателік.

Бірінші қате:

Отбасы мен мектеп әрекетінің келісімсіздігі.

-          Балаңызбен мектеп түсініспеушіліктерін талқыламаңыз.

-          Мұғалімдер туралы теріс пікірлер айтпаңыз.

-          Мұғалімдердің психологтардың кеңестеріне құлақ түріңіз

-          “Мектептен де маңызды нәрсе бар” деген ұстанымдардан аулақ болыңыз.

Екінші қате:

-          Мектепке анда санда немесе бір жағдай болған да ғана барудан аулақ болыңыз.

-          Ата – ана жиналысына, өзге д іс –шараларға мән беріп қараңыз.

-          Мектеппен байланысыңызды сиретпеңіз, балаңыздың барлық жағдайынан хабарсыз қаласыз

-          Бұл түсініспеушіліктіңжиналуына, мұғалімнің, балалар мен ата-атананың бір бірінен алшақтауына және ата-ананың педагогикалық мәдениетінің төмендеуіне әкеледі

-          Осының салдарынан бала тәрбиесінде ат-аналармен педагогтардың қателіктерінің саны күрт асуы мүмкін.

Үшінші қате:

“әсер ету” түрлерін бөлу

-          Кейде ата-аналар олардың міндеттері тек баланың материалдық әл –ауқатын қамтаммассыз ету, ал тәрбиені мектеп беруі керек деп ойлайды.

-          нәтижесінде баланың өмірінде отбасының тәрбиесінің олқылықтары пайда болады.

-          Бұл олқылық теріс ықпалдармен толтырылуы мүмкін және қиын тәрбиеленушілікке әкелуі мүмкін

Төртінші қате:

Нұсқаулар” жүйесі мүлтіксіз бақылау, отбасы тарапынан мектеп қызметіне жөнсіз араласу.

-          Бұл жағдайда ата-анана баланы қалай тәрбиелеу керектігін өздері ғана білетіндіктеріне сенімді және баланы олардан артық ешкім жақсы білмейді дейді.

-          - Нәтижесінде баланың үлкендерге теріс көзқарасы кез келген тәрбие ықпалдарына қарсы тұруы қалыптасады немесе дербестік, бастамашылдық, шығармашылық қабілеттеррі дамымай артта қала бастайды.