2
3
4
5

Поиск по сайту


Статистика сайта

Сегодня52
Вчера60
За неделю271
За месяц1460
Всего105204

 

Горячая линия

liniya

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

Контакт-центр
по защите прав детей
111
100 logo ru

 

114

Материалы

Алға жетелейтін!

Мектеп басшысы мектептегі өзгерістерді сәтті жүзеге асырудың негізгі буыны болып табылады. Бүгін біз мақаланы құрметті директорымыз, әріптесіміз Исабаев Айдарбек Мейрамұлына арнағымыз келеді.

Мектеп директоры - білім беру ұйымының басшысы, мектептегі негізгі лауазымды тұлға, білім беру ұйымына қазіргі басшылықты жүзеге асыратын мектептің жалғыз атқарушы органы, мектептің стратегиялық басқару субъектісі. Айдарбек Мейрамұлы 1962 жылы 8 қарашада Новосібір облысы, Қарасу ауданы, Байтас ауылында дүниеге келген. Ұлты бойынша - қазақ. білімі жоғары. Үйленген. Қазір өз отбасыларын құрған 2 ұлды тәрбиелеп шығарды, 3 немересі бар. Жалпы еңбек өтілі: 35 жыл, оның ішінде 19 жыл - педагогикалық. Айдарбек Мейрамұлы - білімнің дамуына үлкен үлес қосқан, пән бойынша ғылыми-әдістемелік білімдердің жоғары деңгейіне, білім беру процесін басқарудың нормативтік, бағдарламалық, ұйымдастырушылық-педагогикалық негіздерін білетін тәжірибелі, шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалім. Өзінің кәсіби қызметі барысында Айдарбек Мейрамұлы технологиялық білім беру жүйесіндегі алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені зерттеу арқылы педагогикалық шеберлікті жетілдіру бағытында жұмыс жасады. Өз қызметінде ол оқушыларды оқыту және тәрбиелеу процесінде озық әдістер мен педагогикалық технологияларды белсенді қолданады. Оның шәкірттері аудандық «Наурыз шақырады» байқауына қатысып, «Ұйымшыл» номинациясын жеңіп алды (2018), аудандық «Шаңырақ» байқауында, киіз үйді сәндеу техникасының арқасында мектебіміз «Заманауи үй» (2019), номинациясын, «Наурыз шақырады» сайысында 3 орын (2019 ж.), «Өртең» байқауында қазақ дәстүрлерін жақсы білгені үшін Бас жүлде иегері (2019 ж.). 2015 жылдан бастап Қозыкеткен ЖОББ мектебі КММ-нің директоры. Қазіргі уақытта Айдарбек Мейрамұлы жауапкершілік, сыпайылық, кәсіби біліктілік сияқты адами қасиеттерді көрсетеді. Ол қоғамдық жұмысқа, ұжымның тұрақтылығына көп көңіл бөледі. Ашықтық, сыпайылық және ізгілік оған ұжымда дұрыс қарым-қатынас орнатуға көмектеседі, ол мектеп мұғалімдері, оқушылар және ата-аналар арасында лайықты құрметке ие. Осы уақытқа дейін келесі мадақталармен марапатталды: Успен РОО ҚММ-нің алғыс хаты, Қазақстан Республикасы ғылым министрлігінің құрмет грамотасы, Успен ауданы әкімінің алғыс хаты, адал жұмыс үшін алғыс хат.