Жаңалықтар
5-8 сынып оқушыларына арналған «ProEco» экологиялық жобалар конкурсын өткізу туралы Ереже
- Толығырақ
- Жарияланды 04.11.2021 16:53
Аудандық білім беру бөлімі, 5-8 сынып оқушыларына арналған республикалық «ProEco» экологиялық жобалар конкурсының аудандық кезеңі 2021 жылғы 10 қараша күні өткізілетіні туралы хабарлайды.
Конкурстың негізгі мақсаты- оқушылардың әлеуметтік жауапкершілікке тәрбиелеу және экологиялық сауаттылықты арттыру, конкурс тақырыбына сәйкес жобалық-зерттеу және ұйымдастырушылық қызметтері мен бейнематериалдар әзірлеуді ұйымдастыру арқылы оқушылардың экологиялық құзыреттілігін дамыту.
Конкурсқа 5-8 сынып оқушылары, жеке, сондай-ақ, командалық құрамда (3 қатысушыдан аспайтын) қатыса алады.
Конкурс төрт бағыт бойынша өткізіледі.
Өтінімдер мен бейне жұмыстар 2021 жылғы 9 қарашаға дейін білім беру бөлімінің электрондық поштасына This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. қабылданады.
Демеушілік көмек
- Толығырақ
- Жарияланды 27.10.2021 09:03
«№3 Успен жалпы орта білім беру мектебі» КММ мәжіліс залы жөндеуден өтіп, эстетикалық безендірілуі, қазіргі заманғы дизайны мен мектеп эргономикасы талаптарына сай жабдықталды.
Ауданымыздың жеке кәсіпкері С.Гричихина мектебімізге спонсорлық көмек көрсетіп, мәжіліс залына 72 дана орындықтарды сыйға тартты. Мектебіміздің көркейуіне үлес қосып отырған С.Гричихинаға алғыс білдіреміз!
"Тәуелсіздік ұланы" сыйлықақы
- Толығырақ
- Жарияланды 21.10.2021 11:48
"Тәуелсіздік ұланы" сыйлықақысын беру туралы
Мағжан оқулары
- Толығырақ
- Жарияланды 13.10.2021 21:39
Аудандық Мағжан оқуларына 46 оқушы қатысты.
Мағжан оқулары үш бағыт бойынша өткізілді.
«Өлең-менің Шолпаным, Айым, Күнім» Мағжан шығармаларын жатқа оқыды. «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» бөлімінде жас ақындар өз туындыларымен таныстырды. «Толқынмен толқын сырласып...» -М.Жұмбаевтың шығармалары бойынша зерттеу жұсмыстары ұсынылды.
Байқау қорытындысы төмендегідей болды:
«Өлең - менің Шолпаным, Айым, Күнім» бағыты бойынша оқыту тілі қазақ мектептері арасында ІІІ орын иегерлері: Белоусов мектебінің 6 «ә» сынып оқушысы Қайрат Бисамал, 7 «ә» сынып оқушысы Нұрсерік Лина және Белоусов мектебінің 5 «ә» сынып оқушысы Кенжебек Ұлағат, Қозыкеткен мектебінің 8 сынып оқушысы Батырбекқызы Сұңқар.
ІІ орын иегері: Қаратай мектебінің 11 сынып оқушысы Әлен Дәрия
І орын иегері: №3 Успен орта мектебінің 9 сынып оқушысы Әсетқали Құралай.
«Жас экорепортер» байқауының аудандық кезең қорытындысы
- Толығырақ
- Жарияланды 06.10.2021 21:39
Оқушылардың табиғатқа қатысты экологиялық дүниетанымын қалыптастыру, қатысушысының қоршаған ортаның сапасын жақсартатын экологиялық іс-шараларды өткізудің маңыздылығын түсінуіне ықпал ету, оқушылардың назарын Павлодар аймағындағы экологиялық проблемаларға аудару мақсатында «Жас экорепортер» облыстық байқауының аудандық кезеңі 2021 жылғы 4 мен 6 қазан аралығында өткізілді.
Конкурсқа ауданымыздың 10 мектебінен 9-11 сыныптың 11 оқушысы өз бейне жұмыстарын ұсынды. Қатысушылар бейне репортаждарында ауданымыз бен облыстың түрлі экологиялық мәселелерін қозғап, өз шешімдерін ұсынуға тырысты.
11 бейне репортаждың ішінен ерекше көзге түсіп, жүлделі орындарға 3 жұмыс авторлары иеленді.
1 қазан күні аудандық мәдениет үйінде Ұстаздар күніне арналған мерекелік концерт өтті.
- Толығырақ
- Жарияланды 01.10.2021 21:31
Салтанатты рәсімде аудан әкімі Н.В.Дычко ауданның ең үздік педагогтарын аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапаттады, сондай - ақ аудандық мәслихаттың, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының, облыстық білім басқармасының және Успен аудандық білім бөлімінің алғыс хаттарымен марапатталды.
Салтанатты шараның ең қызықты сәті білім беру ұйымдары арасындағы дәстүрлі конкурстардың жеңімпаздарын марапаттау болды. «Талантты мұғалім - дарынды балаларға» олимпиадасында «Жас мұғалім» номинациясында Равнополь мектебінің математика пәнінің мұғалімі С. А. Курманбаева жеңімпаз атанды,
«Менің кіші Отаным» жас тарихшылар ІV Республикалық интеллектуалдық конкурсының аудандық кезеңінің қорытындысы
- Толығырақ
- Жарияланды 28.09.2021 16:00
Туған елдің тарихына аса қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін дамытуға, өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру мақсатында 2021 жылғы 27 қыркүйек күні «Менің кіші Отаным» жас тарихшылар ІV Республикалық интеллектуалдық конкурсының аудандық кезеңі онлайн режимде өткізілді. Биылғы жылы конкурс ұлы ағартушы – Ыбырай Алтынсариннің 180-жылдық мерейтойына арналған.
Конкурсқа ауданның жалпы білім беру мектептерінің 9-10 сыныбының 34 оқушысы қатысты, оның ішінде мемлекеттік тілде – 13 оқушы, орыс тілінде – 21 оқушы.
Ережеге сәйкес конкурс екі тур бойынша өткізілді: І турда – Қазақстан тарихы сұрақтары бойынша тест тапсырды. ІІ тура – 4 номинация бойынша жұмыс атқарылды: «Менің кішкентай Отанымның тарихы», «Кішкентай Отанымның символы», «Менің кішкентай Отанымның болашағы», «Менің туған өлкем» (эссе жазу).