Жаңалықтар
ҰБТ-ға дайындықты ұйымдастыру
- Толығырақ
- Жарияланды 24.04.2020 15:45
Қашықтықтан оқыту жағдайында Екібастұз қаласының №1 мамандандырылған мектеп-лицейінің педагогикалық ұжымында Успен ауданының мұғалімдерін кәсіби қолдау бойынша жұмыс жалғасуда.
2020 жылдың 24 сәуірінде «Қашықтықтан оқыту жағдайында ҰБТ-ға дайындықты ұйымдастыру» тақырыбында онлайн семинар өткізілді. Семинар жұмысына №1 Екібастұз мектебі директорының орынбасарлары Гупало Валентина Васильевна, Лозинская Надежда Вячеславовна, математика мұғалімі Лещенко Зинаида Исаковна, Успен ауданы мектептерінің оқу ісі жөніндегі директорлардың орынбасарлары, 11-сыныпта сабақ беретін пән мұғалімдері қатысты.
Семинар барысында №1 мамандандырылған мектеп-лицей директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары В. В. Гупало қашықтықтан оқыту жағдайында ҰБТ-ға дайындықты ұйымдастыру бойынша мектеп әкімшілігінің, пән мұғалімдерінің, мектеп психологының, сынып жетекшісінің міндеттері мен функцияларын атап өтті. Оқушылардың кері байланысын ұйымдастыру бойынша тәжірибесімен бөлісті, ҰБТ-ға тиімді дайындалу үшін сайттар мен оқу платформаларын ұсынды.
Мұғалім З. И. Лещенко қашықтықтан оқыту жағдайында мектеп бітіруші сынып жетекшісінің жұмыс тәжірибесімен бөлісті, сонымен қатар «Математика» пәні бойынша түлектерді ҰБТ-ға дайындау кезінде педагогтармен қолданылатын интернет-ресурстармен, онлайн-платформалармен, әдіс-тәсілдермен жұмыс жасау тәжірибесімен бөлісті.