2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін31
Кеше67
Апта302
Ай1141
Барлық күндері106422

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

Жаңалықтар

«Елбасы Медалі» жобасына қатысқан оқушыларды марапаттау

2020 жылы ҚР Тұңғыш Президентінің Қоры және «Елбасы Академиясы» Корпоративтік қоры жастарға арналған «Елбасы Медалі» жобасын бастады. Жоба мақсаты - 14 пен 29 жас аралығындағы жастарды отансүйгіштік және белсенді азаматтық ұстанымы, сондай-ақ өзін-өзі және қоршаған ортаны дамытуда жеке жетістіктері үшін анықтау мен ынталандыру.

   «Елбасы Медалі» - жоба кезеңдерін табысты өткен жеңімпаздарға берілетін ерекше белгі. Қатысушылар дағдыларын жеті бағыт бойынша: «Спорт және физикалық даму», «Таланттар мен дағдылар», «Кітап оқу», «Ұлттық мұра», «Волонтерлік», «Туристік жорықтар», «Еңбек практикасы» дамыта алды. Қатысушылар жас ерекшеліктеріне байланысты үш деңгейдің бірін таңдай алды: «Алтын», «Күміс», «Қола».

   Нәтижесінде ауданымыздың оқушылары жобаның 1-ауысымына қатысып «Қола медальге» ие болды. Қола медаль иегерлерін марапатттау рәсімі аудан әкімінінің орынбасары С.О. Жунуспаеваның қатысуымен және білім беру бөлімінің басшысы А.К. Жиренова Равнополь НЖББМ 9 сынып оқушысы Заяц Юлияны және Константинов ЖОББМ 11 сынып оқушысы Жандрахимов Дарханды арнайы «Қола медальдармен» және төсбелгілермен марапаттап өтті. Оқушылардың қатысуына қолдау көрсеткені үшін Равнополь НЖББМ директоры Е.Б. Мадениетовқа және Константинов ЖОББМ директоры К.Б. Жапархановаға, сонымен бірге балалардың шығармашылығын шыңдап, тәрбие берудегі елеулі еңбегі үшін оқушылардың ата-аналарына алғыс хаттар берілді.

11 03 2021 1