Жаңалықтар
Жамбыл оқулары
- Толығырақ
- Жарияланды 15.04.2021 17:00
Жамбыл оқулары Биылғы тарихи оқиғаларға бай. Жыр алыбы – Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы мемлекеттік деңгейде тойлануда. Оқушылар арасында аудандық Жамбыл оқулары 3 бағыт бойынша өтті.
«Жамбылдың жыр мұрасы» - ақын өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқу бағытында нәтиже төмендегідей:
ІІІ орын - №3 Успен орта мектебінің 8 сынып оқушысы Рысдаулет Айзат; Қаратай орта мектебінің 8 сынып оқушысы Сансызбай Фатима; Ольгин орта мектебінің 8 сынып оқушысы Бауыржан Ақерке; Лозов орта мектебінің 9 сынып оқушысы Серікқалиев Елжан.
ІІ орын - №3 Успен орта мектебінің 7 сынып оқушысы Рысдаулет Сымбат; Қаратай орта мектебінің 10 сынып оқушысы Әлен Дәрия.
І орын - Константинов орта мектебінің 9 сынып оқушысы Жетес Аяужан.
Өзге ұлт өкілдері арасында:
ІІІ орын - Галицк орта мектебінің 10 сынып оқушысы Бутин Кирилл; Лозов орта мектебінің 9 сынып оқушысы Вдовина Наталья;
ІІ орын – Богатырь негізгі мектебінің 9 сынып оқушысы Якубенко Наталья. «Жыр алыбы - Жамбыл» - ақындар айтысы бағыты бойынша Ольгин мектебінің 9 сынып оқушылары Нұрболат Ардақ пен Талап Ақжолға Алғыс хат табысталады.
Оқушылардың айтыс өнеріне деген қызығушылығы зор. «Өлең – сөздің даңғылы, бар қазақтың Жамбылы» - оқушылардың өз поэзиялық туындыларын ұсыну бағыты бойынша нәтиже төмендегідей:
ІІІ орын – Константинов орта мектебінің 9 сынып оқушысы Жетес Аяужан;
ІІ орын – Ольгин орта мектебінің 9 сынып оқушысы Серікқан Жұпар;
І орын – Қаратай орта мектебінің 8 сынып оқушысы Бекболат Бағжан.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!