Жаңалықтар
«Жауынгерлік парақ» аудандық конкурс
- Толығырақ
- Жарияланды 21.04.2021 16:00
«Патриот» әскери-патриоттық іс-шаралар айлығы аясында 12-16 сәуір аралығында Успен ауданының мектептерінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 76 жылдығына арналған жауынгерлік парақтар конкурсы өткізілді. Конкурс 314-ші атқыштар дивизиясының 80 жылдығына және Ясско-Кишенев операциясының 77 жылдығына арналды. Осы конкурсқа 5-11 сынып оқушылары қатысты.
Конкурс қорытындысы бойынша әр мектеп аудандық байқауға үздік жұмыстарды ұсынуы керек еді , онда «Балдырған» БЭО қазылар алқасының мүшелеріне байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтау міндеті қойылды.
Конкурс нәтижесінде орындар келесідей бөлінді: 5-7 сыныптар арасында (1 орын – Балдырған БЭО «Бүркіт» әскери - патриоттық клубының тәрбиеленушілері, 2 орын – №1 УЖОББМ, 3 орын – Қаратай ЖОББМ, Галицк ЖОББМ), 8-11 сыныптар арасында (1 орын – №1 УЖОББМ, 2 орын – №2, №3 УЖОББМ, 3 орын – Ольгин ЖОББМ). Үздік жұмыстар 24 сәуір мен 9 мамыр аралығында Павлодар қаласында өтетін облыстық конкурсқа қатысу үшін іріктелді.