2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін14
Кеше60
Апта233
Ай1422
Барлық күндері105166

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

Жаңалықтар

«Жас экорепортер» байқауының аудандық кезең қорытындысы

   Оқушылардың табиғатқа қатысты экологиялық дүниетанымын қалыптастыру, қатысушысының қоршаған ортаның сапасын жақсартатын экологиялық іс-шараларды өткізудің маңыздылығын түсінуіне ықпал ету, оқушылардың назарын Павлодар аймағындағы экологиялық проблемаларға аудару мақсатында «Жас экорепортер» облыстық байқауының аудандық кезеңі 2021 жылғы 4 мен 6 қазан аралығында өткізілді.

Конкурсқа ауданымыздың 10 мектебінен 9-11 сыныптың 11 оқушысы өз бейне жұмыстарын ұсынды. Қатысушылар бейне репортаждарында ауданымыз бен облыстың түрлі экологиялық мәселелерін қозғап, өз шешімдерін ұсынуға тырысты.

11 бейне репортаждың ішінен ерекше көзге түсіп, жүлделі орындарға 3 жұмыс авторлары иеленді.

І дәрежелі дипломмен Таволжан ЖОББМ 9 сынып оқушысы Әнел Мереке марапатталды.

ІІ дәрежелі дипломға Успен №2 ЖОББМ 10 сынып оқушысы Владислав Кирьяченко ие болды.

ІІІ дәрежелі дипломды Белоусов ЖОББМ 11 сынып оқушысы Асем Сутжанова иеленді.

Барлық қатысушыларға білім беру бөлімінің сертификаттары беріледі.

Аудандық кезең жүлдегерлерінің бейне репортаждары облыстық байқауға жолданады. Облыстық байқау 2021 жылғы 11 мен 15 қазан аралығында өткізіледі. Қатысушыларымызға сәттілік тілейік.