2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін53
Кеше55
Апта212
Ай1401
Барлық күндері105145

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

Жаңалықтар

9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беру пәндері бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі

2022 жылғы14 мен 22 ақпан аралығында 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беру пәндері бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі№2 Успен ЖОББМ базасында өткізілді. Олимпиада 1 турда өтті.

Олимпиадаға ауданның 12 мектебінен мектеп кезеңінің жеңімпаздары 63 оқушы қатысты (№1 Успен ЖОББМ – 6, №2 Успен ЖОББМ -7, №3 Успен ЖОББМ – 14, Белоусов ЖОББМ – 4, Галицк ЖОББМ -4, Константинов ЖОББМ -7, Қаратай ЖОББМ – 2, Қозыкеткен ЖОББМ – 5, Лозовой ЖОББМ – 2, Павлов ЖОББМ – 7, Таволжан ЖОББМ -4, Тимирязев ЖНББМ -1).

Олимпиаданың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер саны қатысушылардың жалпы санынан 29 (46%) құрады.

Ағылшын тілі пәні бойынша 3 орын иегерлері: №3 Успен ЖОББМ 9 сынып оқушысы Нурланов Мадияр (мұғалімі Ержанова Гулнар Бисенбаевна) және 10 сынып оқушысы Калыкова Дильназ (мұғалімі Баксултан Гульжан), Қозыкеткен ЖОББМ 10 сынып оқушысы Ивахно Полина (мұғалімі Добродеева Юлия Муратовна), Қаратай ЖОББМ 11 сынып оқушысы Ораз Гүлдана (мұғалімі Бочкарева Жадыра Кайратовна)

Биология пәні бойынша Белоусов ЖОББМ 9 сынып оқушысы Павленко Евгений (мұғалімі Арынгазинов Айбек Бекмуратович) 3 орынға ие болды.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 2 орынды Қаратай ЖОББМ 9 сынып оқушысы Қасым Сымбат (мұғалімі Бекенова Ботагоз Сәкеновна); 3 орынды №3 Успен ЖОББМ 10 сынып оқушысы Жұмабекұлы Ақтилек (мұғалімі Аубакирова Гульден Серикбаевна) иеленді.

Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі пәні бойынша №3 Успен ЖОББМ 9 сынып оқушысы Ельгундинова Гульзира (мұғалімі Асанов Ербулат Сапишевич) 3 орынға ие болды.

Қазақстан тарихы пәні боынша 2 орын иегерлері: №2 Успен ЖОББМ 9 сынып оқушысы Пуховская Жанна (мұғалімі Кошман Вадим Михайлович), №3 Успен ЖОББМ 10 сынып оқушысы Назымбек Данияр (мұғалімі Сатыбалдинов Ерлан Айтмуханбетович); 3 орын - Павлов ЖОББМ 9 сынып оқушысы Кашкаха Юлия (мұғалімі Жакупов Марат Омарович), №1 Успен ЖОББМ 9 сынып оқушысы Юсуп Айдамир мен 11 сынып оқушысы Акылбеков Мансур (мұғалімі Кошман Ирина Иннокентьевна), Таволжан ЖОББМ 10 сынып оқушысы Арынгазинова Динара (мұғалімі Фарукшин Максат Рафаилович), №3 Успен ЖОББМ 9 сынып оқушысы Мусалимова Аинура (мұғалімі Шакаргалиева Зауреш Рымхановна) мен 11 сынып оқушысы Феримхан Арман (мұғалімі Сатыбалдинов Ерлан Айтмуханбетович).

Құқық негіздері пәні бойынша 2 орынға Павлов ЖОББМ 9 сынып оқушысы Қайыр Жанел (мұғалімі Жакупов Марат Омарович) және 3 орынға №2 Успен ЖОББМ 9 сынып оқушысы Омарова Данеля (мұғалімі Кошман Вадим Михайлович) ие болды.

Математика пәні бойынша 3 орынды Лозовой ЖОББМ 9 сынып оқушысы Набиева Дарина (мұғалімі Исимов Руслан Мухтарович) иеленді.

Орыс тілі мен әдебиеті пәнінен 1 орын иегері - №2 Успен ЖОББМ 10 сынып оқушысы Легачова Карина (мұғалімі Бондаренко Елена Тулешевна); 2 орын - Константинов ЖОББМ 10 сынып оқушысы Муршель Надежда (мұғалімі Елисеева Ольга Николаевна), 3 орын - Тимирязев ЖНББМ 9 сынып оқушысы Скрипник Вераника (мұғалімі Тиссен Людмила Александровна).

Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі пәні бойынша №1 Успен ЖОББМ 9 сынып оқушысы Пудич Валерия (мұғалімі Абзалова Ляззат Бахтыбековна) 3 орынға ие болды.

Өзін-өзі тану пәні бойынша 1 орын иегерлері: №2 Успен ЖОББМ 10 сынып оқушысы Кирьяченко Владислав (мұғалімі Добродеева Надежда Васильевна), Павлов ЖОББМ 11 сынып оқушысы Мухаметова Камиля (мұғалімі Аусагитова Айнагуль Каировна); 2 орын - Павлов ЖОББМ 11 сынып оқушысы Плевако Антон (мұғалімі Аусагитова Айнагуль Каировна); 3 орын - Таволжан ЖОББМ 9 сынып оқушысы Мереке Әнел (мұғалімі Есалинова Алмагуль Мусабековна), №3 Успен ЖОББМ 10 сынып оқушысы Бижанов Адил мен 11 сынып оқушысы Балтабаева Мадина (мұғалімі Қосыбаева Толеу Рахметовна), Галицк ЖОББМ 11 сынып оқушысы Бутин Кирилл (мұғалімі Гофман Кристина Александровна).

Пәндік олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысуға 8 оқушы өтті.