ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚУҒА АРНАЛҒАН ПОРТАЛДАР
Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған электронды порталдар тізімі
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған келесі электронды өнімдерді әзірледі:
- қазақ тілін үйренуге бағытталған «Tilqural.kz», «Abai.institute», «Tilmedia.kz», «Balatili.kz» порталдары;
- сөздік қорды байытуға бағытталған «Emle.kz», «Тermincom.kz», «Sozdikqor.kz», «Qazcorpora.kz» порталдары;
- барлық сала құжаттарының қазақша үлгісі мен қатесіз толтыру нұсқаулығы берілген «Qujat.kz»порталы;
- жер-су атаулары жинақталған ономастикалық «Atau.kz» базасы;
- еліміздегі латын графикасына көшу үдерісін сүйемелдейтін «Qazlatyn.kz» (портал және конвертер) ұлттық порталы;
- тіл саласына қатысты өзекті ақпараттар орналастарылған «Tilalemi.kz» сайты.
«Біз Мәңгілік Ел боламыз!»

2016 жылдың 28 желтоқсан күні №1 Успен ЖОББМ-ң аясында Успен ауданы әкімінің қатысуымен жаңа жылдық шырша мерекесі өткізілді. Аталған іс-шара ауданның үздік оқушылары, жетім балалар, әлеуметтік жағынан аз қорғалған отбасылардың балаларына, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға дәстүрлі түрде ұйымдастырылады.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеуге арналған аудандық шахмат турнирі

2016 жылғы 14 желтоқсанда «Новопокров НЖББМ» ҚММ дойбы бойынша жастар мен оқушылар арасында шахмат пен тоғызқұмалақтан турнир өтті.
Турнир мақсаты: интеллектуалдық спорт түрін көпшілікке тарату, жеке тұлғаның шығармашылық ойшылдығын қалыптастыру, баланың ойлау мәдениетін дамыту.
«Білім беру мазмұнын жаңарту аясында оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау» бойынша бастауыш сынып мұғалімдерінің семинарын өткізу туралы

2016 жылдың 27 желтоқсанында №1 Успен ЖОББМ-ң аясында ұстаздар шеберлік орталығының директоры Н.С. Сарбасов пен ұстаздар шеберлік орталығының басты тренері Ю.Г. Мельникованың қатысуымен «Білім беру мазмұнын жаңарту аясында оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдері үшін семинар өткізілді.
Аудандық техикалық шығармашылық конкурсы

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу шеңберінде 2016 жылғы 14 желтоқсанда Успен ауылы «Балдырған» БЭО базасында «Жас өнертапқыштар» робот техикасы бойынша аудандық конкурс және «Мен сенімен мақтанамын, менің Қазақстаным» макеті және көлемді фигуралар конкурсы өтті.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік елім, тірегім – самғауыңды тіледім» мерекелік кеш
Успен ауылы жүрегінде №3 Успен қазақ орта мектебінде ҚР Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік елім, тірегім – самғауыңды тіледім» мерекелік кеші өтті.
«Жас ұлан» қатарына салтанатты қабылдау

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу шеңберінде «Балдырған» балалар эстетикалық орталығында «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына салтанатты қабылдау іс-шарасы өтті.