2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін4
Кеше72
Апта338
Ай1570
Барлық күндері106851

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

Материалдар

«Жас толқын-2016»

   17 маусымда Успен ауылының орталық алаңында «Жас толқын-2016» біріту кеші болып өтті. Салтанатты шара мектеп шерумен басталды, мектептерден 73 мектеп бітіруші түлек, Успен аграрлық-техникалық колледжінен 30 бітіруші түлек қатысты.

   Бітірушілер және барлық жиналған қауым алдында аудан әкімі Б.С. Демеуов құттықтауларымен сөз сөйледі, ол үздік түлектерді атап өтті. Олар Ахменова Альбина (Лозовой ЖОББМ), «Алтын белгі» белгісін алған, Сүлеева Аида (Ольгин ЖОББМ) және Каирова Дана (Павлов ЖОББМ) үздік аттестатын алуына өз білімін растағандар, Аленова Танзиля, Бахтыбекова Алтынгүл (№ 3 Успен ЖОББМ), Ұлттық Бірыңғай тестілеудің қорытындысы бойынша 100 ұпайдан жоғары жинағандар. Бітірушілер сыйға ноутбуктар мен планшеттер алды. Аграрлық-техникалық колледжінің үздік бітірушілері аталып өтілді: Загребенный Александр, Кинчевская Кристина, Конюхов Василий.

   Бағалы сыйлықтармен ауданның үздік спортсмендеріде марапатталды: Петраченко Александр, Половинко Никита (№ 1 Успен ЖОББМ), Вдовин Александр, Иманбеков Раймбек (Лозовой ЖОББМ), Коновалов Артем (Таволжан ЖОББМ), Галимов Олжас (Коснтантинов ЖОББМ), Арынгазинова Азиза (№ 3 Успен ЖОББМ), Слушный Николай және Аскебаев Адиль (Успен аграрлық-техникалық колледж). Ең басты емтихан – ҰБТ, мектеп қабырғасы артта қалды, жақын арада түлектер өздерінің кәсіби таңдауын жасау қадамында тұр. Құттықтаймыз және табыс тілейміз!