2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін4
Кеше56
Апта216
Ай92
Барлық күндері107139

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

Материалдар

Құрметті мектеп директорлары, педагогтар мен ата-аналар!

 

   Осы хатпен Сіздерге пилоттық негізде енгізгелі отырған 0 сыныптарда оқыту туралы түсіндіріп өтеміз.

   0 сыныптарды еңгізу бұл ешқандай да жаңалық емес. Мектеп пен мектепке дейінгі ұйымдарда мектеп алды дайындық топтары нысанында 0 сыныптар елімізде осы уақытқа дейін жұмыс істеп келді. Мектеп алды дайындық топтарында балалар ата-аналардың қалауы бойынша 5 немесе 6 жастан бастап оқыды. Бұл өзгеріссіз қалады.

   2016 жылдан 1 сынып оқушылары бірыңғай оқу бағдарламасы, бірыңғай базалық оқулықтармен білім алды. Ата-аналар пікірінше мектеп алды дайындық тобындағы (0 сынып) балалар да осылай бірыңғай оқу бағдарламаларымен оқытылуы қажет.

   Себебі, мектеп алды дайындық тобында (0 сынып) бірыңғай оқу бағдарламаларымен және бірыңғай базалық оқулықтармен оқымаған балалар 1 сыныпқа келгенде бірыңғай оқу бағдарламаларын игеруге қиындық тудырады.

   Әлі күнге дейін 1 сыныпқа келген балалардың білім деңгейінде сәйкессіздік байқалады. Кейбірі кітапты еркін оқи алады, сандарды құрай және санай алса, ал кейбірі тек бір қатар әріптерді ғана біледі. Балалардың бір деңгейде дайындалмауы салдарынан білім сапасының төмендеуі және оқу процесінің жүйесіздігіне алып келеді. Бұл деген бір бала оқу материалдарын жай қабылдай бастаса, кей балалардың іші пыса бастайды.

   Осыған байланысты мектеп алды дайындық топты 0 сыныптарда дайындау мәселесі ата-аналар мен мұғалімдер үшін өте маңызды болып тұр.

   Еліміз бойынша 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап 0 сыныптарды мектеп алды дайындықтың бірыңғай оқу бағдарламасымен енгізу жоспарлануда. ҚР БҒМ 2017 жылдан бастап пилоттық жоба аясында еліміздегі мектеп алды дайындық топтары білім мекемелеріндегі мектеп алды дайындыққа (0 сынып) бірыңғай оқу бағдарламалары мен бірыңғай базалық оқулықтарды енгізу жоспарлануда.

   Білім саласындағы тәжірибелі педагогтар мен ғалымдардың пікірінше мектеп алды дайындықтан бастап балалар «Әліппені» («Букварь») меңгеруі қажет.

   5-6 жастағы балаларға үшін «Әліппені» («Букварь») үйрету жүктемесі қазіргідей үш айдың ғана көлемінде жүргізілмей, оқу жылы барысында меңгеруге бағытталатын болады. Балалар әріптерді тануға, буындап оқуға, тыңдалған дыбыстық сөздерге талдау жасауға үйренетін болады.

   1 сыныптан бастап жазуға үйрету басталады. Өйткені 5-6 жастағы балалардың ұсақ моторикалары жазу үшін жеткілікті деңгейде дамымаған.

   Халықаралық тәжірибелерді зерттеп, бұл елдердің де осы жолмен таңдағанын көруге болады. Мысалы, Беларусияда «Әліппе» 2-5 жастағы бөбектер үшін шығарылған. «Әліппенің» ерекшелігі – әрбір әріпке сәйкесінше қайталанбас образдар берілген осыған орай балалар әріптерді ынтасымен үйреніп, өзара ұқсас әріптерді алмастырып алмайды. Ресейде мектепке дейінгі жастағы балалар үшін электронды "Әліппе" жасалған. Балалар дауысты және дауыссыз дыбыстар мен екпіндермен, буындармен және сөз тіркестерімен ойын түрінде танысады.

   Өазіргі таңда ҚР БҒМ 5-6 жастағы мектеп алды дайындық балалары үшін интерактивті технологиялар негізінде балалардың қабылдауына ыңғайлы «Әліппе» («Букваря») оқулығын әзірлеуді бастады.

 

ҚР БҒМ баспасөз қызметі