2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін6
Кеше56
Апта218
Ай94
Барлық күндері107141

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

Материалдар

Аудандық турнир «Бала барысы»

   Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы шеңберінде, сонымен қатар Қазақстан Республикасы прокуратурасы органының құрылу күні - кәсіби мерекесі қарсаңында 30 қарашада БЖСМ базасында Успен ауылында «Бала барысы» қазақша күрес бойынша турнирі өтті.

   Іс-шара мақсаты ұлттық спорт түрін дамыту және көпшілікке тарату, патриоттық сана-сезімге, салауатты өмір салтын насихаттауға тәрбиелеу болып табылады. Успен ауданының 5 мектебінен 31 спортшы іс-шараға қатысты.

   Қазақша күрестің басқа күрес түрлерінен өзіндік ерекшелігі мынада, бұл жерде жеңіске жету зеректік және шеберлік үйлескен жағдайда ғана физикалық күш пен жылдамдық әсері талап етеді. Қазіргі кезде қазақша күрестің ұлттық өзіндік ерекшелік элеменеттері сақталғандықтан, күрес өнері әлемінде прогрессивті бағытын ескере отырып, оның келешекте дамыуына ықпал етеді.

   Түпкі негізі ежелден бастау алған ұлттық күрес, аудандық жасөспірімдер арасында даусыз кең таратылуда және халықаралық жарыс деңгейінде болашақта көтерілеміз деп, - біз үміттенеміз.

   Төрешілер құрамында Павлодар облысының танымал балуандары бар, «Барыс» облыс чемпионатының қазақша күресі бойынша үш мәрте жеңімпазы, спорт шебері, халықаралық санаттағы төреші Дархан Жоламанов және қазақша күрестен облыс чемпионы, қазақша күрес бойынша Қазақстан Чемпиотанатының қола жүлдегері Еркін Камшатов.

   Турнир нәтижесі төмендегідей: 42 келі салмақ дәрежесінде ІІІ орынды Бердмурат Марат - №3 Успен ЖОББМ (9 сынып), Сапар Темірлан - Қаратай ЖОББМ (7 сынып); ІІ орынды Илеупов Елдар - Қаратай ЖОББМ (8 сынып); І орынды Қысырау Нұберген - №3 Успен ЖОББМ (7 сынып); 51 келі салмақ дәрежесінде ІІІ орынды Әмірбек Ертолқын - Қозыкеткен ЖОББМ (8 сынып), Бекишев Батырбек - №3 Успен ЖОББМ (10 сынып); ІІ орынды Қажыбаев Бауыржан - № 3 Успен ЖОББМ (10 сынып), І орынды Шалабанов Имират - №3 Успен ЖОББМ (10 сынып); 57 келі салмақ дәрежесінде ІІІ орынды №3 Успен ЖОББМ оқушылары Жарылғасын Мұхамметали (8сынып) және Жандосов Марлен (7 сынып); ІІ орынды Каржаубаев Жасулан - №3 Успен ЖОББМ (8 сынып), І орынды Каиргельдинов Ернар - Қозыкеткен ЖОББМ (8 сынып); 64 келі салмақ дәрежесінде ІІІ орынды Касенов Дархан - №1 Успен ЖОББМ (11 сынып), Жантөре Нуриман - №3 Успен ЖОББМ (10 сынып); ІІ орынды Уразбаев Мақсат - №3 Успен ЖОББМ (10 сынып); І орынды Бердмурат Салтанат - №3 Успен ЖОББМ (9 сынып) жеңіп алды. «Түйе балуан» атағына - №3 Успен ЖОББМ 9 сынып оқушысы Бердмурат Салтанат лайықты деп танылды.

   Турнир жеңімпаздары естелік сыйлықтар мен мадақтамалар марапатталады.

Успен ауданының прокуратурасы

 

1 2