2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін15
Кеше58
Апта289
Ай895
Барлық күндері107942

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

Материалдар

Мектепке дейінгі мекемелердегі «Оқу-әдістемелік процесінде заман талабына сай пайдалану» аудандық семинар

   2017 жылдың 6 қаңтарында Успен ауданының №2 Успен ЖОББМ балабақшалар мен шағын орталықтардың тәрбиешілеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Оқу-әдістемелік процесінде заман талабына сай пайдалану» тақырыбында семинар өткізілді. Семинар жұмысында Успен ауданының мектепке дейінгі мекемелердің 28 педагогы қатысты.

   Мектепке дейінгі білім мен тәрбие беру бойынша әдіскер Гульмира Зайдоллаевна Жандосова тыңдармандарды мектепке дейінгі білім мен тәрбие берудің жаңа оқу бағдарламасының мазмұнының ерекшеліктерімен, нормативтік құжаттарға қойылатын талаптармен таныстырды. Сонымен қатар заман талабына сай технологиялардың маңызды сұрақтарына және оларды тәжірибеде қолдануға назар аударды.

   Равнополь НМ жанындағы «Ақбота» шағын орталығының тәрбиешісі Ирина Владимировна Белоцерковец әр түрлі жастағы тәрбиеленушілердің тобындағы оқу процесін ұйымдастыру бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

   Педагог-психолог Татьяна Юрьевна Кирьяченко мектепке дейінгі жастағы балалардың сенсомоторикалық дамуының қаншалықты маңыздылығын көрсетіп, сабақтарынан мысалдар келтірді.

   №2 Успен ЖОББМ жанындағы «Балбөбек» шағын орталығының тәрбиешісі Қарлығаш Джубанышевна Сарсембенова мемлекеттік тілде оқытатын кіші топта қызықты саяхат түріндегі «Шаршы, шеңбер, үшбұрыш» тақырыбына практикалық сабақ ұйымдастырып, көрсетті.

   Семинар қатысушыларына «Балапан» балабақшасының тәрбиешісі Татьяна Владимировна Пудич ӨТТШТ технологиясы негізінде тәрбиелеу мен оқыту жүйесінде ойлау қабілеттерін дамыту бойынша шеберлік класын өткізді. Семинар қорытындысы бойынша қатысушылардың пікірі тыңдалып, әдістемелік кеңестер берілді.

1