2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін15
Кеше44
Апта15
Ай1657
Барлық күндері106938

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

Материалдар

«Бірыңғай денсаулық күні» аудандық акциясы

 

   2017 жылдың 11 наурызы сағат 11.00 Успен ауданының білім мекемелерінде аудан прокуратурасы әзірлеген «Салауатты аймақ – қауіпсіз!» жобасының аясында және алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымын жоюдың тиімді тетіктерін қалыптастыру, қылмыскерлік деңгейін азайту, жастар арасында алкогольді ішімдіктерді пайдалануды азайту үшін жағдай жасауға бағытталған «Бірыңғай денсаулық күні» аудандық акциясы өткізілген болатын.

   Акцияның мақсаты - оқушыларды, ата-аналарды, қоғамды халық арасында, атап айтқанда жастар арасында өзекті мәселе - алкоголизм дертінің таралуына назар аударту, отбасының бала тәрбиесіндегі ролін нығайту және көтеру, салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттау болып табылады.

   Бұл күні ауданның барлық мектептерінде әр- түрлі спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды. №2 Успен ЖОББМ аудандық әскери-патриоттық клубтардың қатысушылары әскери-қолданбалы спорт түрінен «Зарница» әскери—спорттық ойынында өздерінің білімдері мен шеберліктерін көрсетті. Павлов ЖОББМ үстел үсті тенисі, шахмат, дойбы сайыстары өткізілді. Константинов ЖОББМ жанындағы спорт кешенінде Константинов,Таволжан және Равнополь оқушыларының командалар футзалдан жарыс ұйымдастырды. Баскетбол ойындары Ольгин ЖОББМ жарысы өтті. Лозов ЖОББМ «Әкем, анам, мен – спортшыл отбасы» отбасылық эстафетасында отбасылар шеберліктерін ортаға салып сайысқа түсті.

   Ісшараларда қамтылған оқушылардың жалпы саны- 361. Іс-шараларға аудан прокуроры Е.Ж.Нұрғали, прокурордың көмекшілері М.П. Дебус, Р.А.Нұрғалиев, оқушылар, педагогтар, ата-аналдар, ауылдық әкімдіктердің өкілдері, ауданның ардагер спортшылары қатысты.

   Акцияны ұйымдастыру және өткізуге белсене қатысқан «Қосақ» шекара постының бастығы Шаймардановқа, шаруа қожалықтар басшылары И.К.Рысмағанбетовке, Д.З.Сейітқазиновқа, С.В. Кудихинге Хасеновке алғыс білдіргім келеді.