2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін14
Кеше58
Апта288
Ай894
Барлық күндері107941

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

Материалдар

«Жаңартылған бағдарламаны жүзеге асырудағы жаңаша әдіс–тәсілдердің тиімділігі» семинар

   №1 Успен жалпы орта білім беру мектебінің базасында 2017 жылғы 6 қаңтарда тіл мамандарына арналған аудандық семинар өткізілді. Семинарға ауданның 18 мектебінен, 24 тіл маманы қатысты.

   Семинар барысында «Оқытудың интерактивті амалдары арқылы тұлғаның функционалдық оқу сауаттылығын дамыту» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі М. Сакауб және орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Е. Асанов топпен жұмыс ұйымдастырды. Бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі – қорытынды аттестациялау барысында эссе жазуға оқушыларды дағдыландыруға бағытталған жұмыстарды іске асыру бойынша Е. Бондаренко өз тәжірибесімен бөлісті. Эссе жазуға қойылатын талаптар мен бағалау критеррийлері жөнінде толық ақпарат берді.

   Қалыптастырушы бағалау түрлері де семинардан тыс қалмады. Білім бөлімінің әдіскері Ұ.Тоқтал формативті бағалауды тіл пәндерін оқытуда қолдану тәсілдерін презентациялау арқылы баяндады. Критериалды бағалау бойынша Белоусов ЖОББМ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі М. Яроватая мұғалімдерге критериалды бағалаудың оқушы білімін бағалаудағы тиімділігін түсіндірді.

   Семинар қатысушылары оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру жөнінде пікір алмасты.

1 2