2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін0
Кеше40
Апта188
Ай425
Барлық күндері107472

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

Материалдар

2-4 сыныптар арасындағы математикалық турнир

   

    2018 жылғы 20 ақпан күні № 3 Успен ЖОББМ аясында жыл сайынғы 2-4 сынып оқушылары арасында математикалық турнир өткізілді. Турнирдің мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының математика пәнінен қызығушылығын дамыту.

   Сайыста ауданның 14 мектебінен 17 команда, 51 оқушы қатысты. Турнир екі турдан тұрды: 1 тур – командалық, 2 тур – жеке. Балалар логикалық тапсырмаларды шешті, командада және жеке жұмыс істей білуін көрсетті.

   І тур нәтижесі бойынша мемлекеттік тілді мектептерден 3 орынға Лозовой ЖОББМ, 2 орынға Қаратай ЖОББМ, 1 орынға №3 Успен ЖОББМ, орыс тілді мектептерден 3 орынға Павлов, Таволжан, Равнополь мектептері, 2 орынға Павлов, Лозовой, 1 орынға Вознесен, Белоусов, №2 Успен мектептері ие болды.

   2 тур бойынша оқушылардың жеке өзара сайысында мемлекеттік тілдегі 2 сыныптар арасында 3 орынға Павлов ЖОББМ оқушысы Жұмабай Ясмин, 2 орынға Қаратай ЖОББМ оқушысы Жусупова Дария, 1 орынға №3 Успен ЖОББМ оқушысы Таласпаев Алижан ие болды. Орыс тілді мектептерден 3 орынға Лозовой ЖОББМ оқушысы Сеитов Ераслан, 2 орынға Белоусов ЖОББМ оқушысы Арипбаева Альбина, 1 орынға Равнополь НЖББМ оқушысы Жандрахимова Риза иеленді. 3 сыныптар арасында мемлекеттік тілдегі мектептерден 2 орынға Лозовой ЖОББМ оқушысы Даниярова Дилора, 1 орынға №3 Успен ЖОББМ оқушысы Хамит Сейфулла ие болды, орыс тілді мектептерден 3 орынға №2 Успен ЖОББМ оқушысы Горская Анастасия, 2 орынға Таволжан ЖОББМ оқушысы Рахимжанова Киана, 1 орынға Галицк ЖОББМ оқушысы Ви Вита және Таволжан ЖОББМ оқушысы Рафаил Есмира иеленді. 4 сынып оқушылар арасында мемлекеттік тілдегі мектептерден 1,2 орындар жоқ, 3 орынға Қаратай ЖОББМ оқушысы Бейбітова Данель, орыс тілді мектептерден Вознесен ЖОББМ оқушысы Фот Дарья, №1 Успен ЖОББМ оқушысы Усенов Нурали иеленді.

   Жалпы командалық есепте мемлекеттік тілдегі мектептерден 1 орынға №3 Успен ЖОББМ, 2 орынға Қаратай ЖОББМ, 3 орынға Павлов ЖОББМ, орыс тілді мектептерден 1 орынға Таволжан ЖОББМ, 2 орынға №2 Успен ЖОББМ, 3 орынға Галицк ЖОББМ.

 

1