2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін18
Кеше47
Апта166
Ай403
Барлық күндері107450

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

Материалдар

Павлодар облысының 80 жылдығына арналған буклеттер конкурсының нәтижесі

   

   2018 жылдың 5-19 ақпаны аралығында Павлодар облысының 80 жылдығына арналған Успен ауданының мектеп оқушылар арасында буклеттер конкурсы өтті.

   Конкурстың мақсаты оқушылардың Павлодар облысының көрнекі және киелі жерлері, табиғи және мәдени байлықтары жайлы білімдерін арттыру және өздерінің туған өлкесі туралы ақпаратты игеру дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

   Барлық қатысушылар конкурсқа шығармашылық қараған және туған өлкесіне деген сүйіспеншіліктерін көрсете білген.

   Буклеттерде Павлодар өңірінің табиғат байлықтары және қаланың көрікті жерлері бейнеленген. Балалар облыстың 80 жылдығын назарға ала отырып, облыстың түрлі табиғи нысандары: Ертіс өзені, Жасыбай таулары, облыс орталығының сүйікті және маңызды орындары Мәшһүр Жүсіп атындағы мешіт, орталық Ертіс жағалауындағы орналастырған сағат және т.б. нысандарды бейнеленген.

   Конкурс қорытындылары бойынша орындар анықталды: 1 орынды №2 Успен ЖОББМ 5 сынып оқушысы Пуховская Жанна, 2 орынды №1 Успен ЖОББМ 5 сынып оқушысы Сүлейменова Даяна және №2 Успен ЖОББМ 4 сынып оқушысы Усова Кристина, 3 орынды №2 Успен ЖОББМ 3 сынып оқушысы Арынова Адель және №2 Успен ЖОББМ 3 сынып оқушысы Турмаганбетова Арина және Равнополь НОББМ 2 сынып оқушылары иеленді. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

 

1