2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін14
Кеше56
Апта226
Ай102
Барлық күндері107149

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

Материалдар

Облыстық Абай оқуларындағы алғашқы жүлдегер

   Павлодар облысы білім беру басқармасы және «Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО-ның ұйымдастыруымен облыстық жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары арасында ұлы ойшыл Абай және Шәкәрімнің шығармаларын насихаттау, оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, жас ақындарға әлеуметтік-рухани қолдау көрсету мақсатында 2018 жылдың 13 наурызында дәстүрге айналған Абай оқуларының облыстық кезеңі өз мәресіне жетті.

   Абай оқулары төрт бағыт бойынша өткізілді: «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы», «Көңілім әнді ұғады», «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда», «Ұлылар әлемі». ХІХ облыстық Абай оқуларына №3 Успен, Қаратай, Қозыкеткен орта мектептерінен аудандық кезеңнің жеңімпаздары қатысты. Нәтижесінде «Ұлылар әлемі» - Абай және Шәкәрім еңбектеріне эссе жазу конкурсына №3 Успен орта мектебінің 10 сынып оқушысы Бердімұрат Салтанат қатысып, жүлделі ІІІ орынды иеленді. Салтанат – тілге жүйрік, сөзге шешен, қазақ тілі мен әдебиетін сүйіп оқитын оқушы. Аудандық Абай, Мұқағали Мақатаев, Мағжан оқулары және «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасының жеңімпазы. Сондай-ақ, облыстық Мағжан оқулары, Ақберен конкурстарының жүлдегері.

   Тіл сайыстарына алғашқылардың бірі болып, аудан орталығындағы жалғыз қазақ мектебінің шәкірттері қатысады. Бұл білім беру ошағын 10 жылдай басқарып келе жатқан білікті басшы, әрі тіл маманы – Бибігүл Шәйкенқызы Жұмабекова. Басшылықпен қатар, ұстаз ретінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен өткізілетін сан алуан конкурстарға аса мән беріп, шәкірттерін шығармашылыққа баулиды.

   Осы ұжымда тәжірибелі ұстаздар да баршылық. Қазақ тілі мен әдебиеті ғылымының жілігін шағып, майын ішкен, ардагер ұстаз – Макен Тотайқызы Жүнісова. Ол кісі Салтанаттың сөз саптауына, қаламының ұшқыр болуына өз үлесін қосып келеді. Шәкіртінің жеңісі, ұстазының жемісі екені анық.