2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін14
Кеше44
Апта14
Ай1656
Барлық күндері106937

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

Материалдар

2018 жылғы Бірыңғай ұлттық тестілеу және қорытынды аттестаттау

   2018 жылғы 6 наурызда білім бөлімінің ұйымдастыруымен Успен ауданы 10 мектебінің түлектерімен ҚР БжҒМ ҰТО №78 филиалының басшысы Ниязова Сания Сансызбайқызымен кездесу өтті. Кездесу барысында бірыңғай ұлттық тестілеу және қорытынды аттестаттауды өткізу тәртібін түсіндіру жұмыстары, сондай-ақ №1 Успен ЖОББМ базасында ҰБТ-ға дайындыққа арналған сынамалы тестілеу өткізілді.

   Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды жүргізудің Типтік ережесіне сәйкес жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген 11(12) - сыныптың білім алушылары қорытынды аттестаттау барысында бес емтихан, оның ішінде біреуін таңдау бойынша тапсырады. Қорытынды аттестаттау – жалпы орта білім беру ұйымдарында өткізілетін 11 (12) - сынып білім алушыларына арналған мемлекеттік бітіру емтиханы.

   11 (12) сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау мынадай нысандарда өткізіледі:

1) ана тілі және әдебиетінен (оқыту тілі) эссе нысанында жазбаша емтихан:

2) алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан;

3) Қазақстан тарихынан ауызша емтихан;

4) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу;

5) таңдау бойынша пәннен (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, шетел тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика) тестілеу.

   Эссе жазуға 3 астрономиялық сағат, алгебра және анализ бастамаларына 5 астрономиялық сағат бөлінеді. Қазақстан тарихы бойынша ауызша емтихандық билетпен жүргізіледі. Жауап дайындау үшін білім алушыға кемінде 20 минут уақыт беріледі.

   Оқыту қазақ тілді емес мектептерде қазақ тілі бойынша тестілеуге немесе оқыту орыс тілді емес мектептерде орыс тілі бойынша тестілеуге 80 минут уақыт беріледі.

   Тест үш блокқа бөлінген 40 сұрақтан тұрады:

- лексико-грамматикалық блок – бір дұрыс жауабы берілген 20 тест тапсырмадан тұрады;

- «Тыңдалым» блогі – 200-250 сөзден тұратын 2 мәтін, бірнеше дұрыс жауабы бар 10 тест тапсырмасынан тұрады;

- «Оқылым» блогі – 200-250 сөздерден тұратын 2 мәтін, 10 тест тапсырмасынан тұрады.

   Мектеп бітіруші ең жоғары 60 балды алуы мүмкін: Бір дұрыс жауабы бар 20 тест тапсырмасы үшін 20 балл, екі және одан да көп жауаптары бар 20 тапсырма ең көп дегенде 40 балмен бағаланады.

   Таңдау пәні бойынша тестілеу. Бітірушінің таңдауына келесідей пәндер ұсынылады: Физика, Химия, Биология, География, Геометрия, Дүниежүзі тарихы, Әдебиет, Шет тілі (ағылшын, француз, неміс), Информатика.

   Таңдау пәндері бойынша тестілеу («Шет тілі» және «Информатика» пәндерінен басқа) 40 тест тапсырмасынан тұрады, олар ең көп дегенде 60 балмен бағаланады, оның ішінде 20 тест тапсырмасы бір дұрыс жауаппен берілген (бұл 20 балды құрайды) және жоғары 40 балмен бағаланатын 20 тапсырма екі және одан көп дұрыс жауаптарымен беріледі.

   Таңдау пәндері «Биология», «География», «Дүниежүзі тарихы» бойынша тестілеу уақыты 80 минут. Таңдау пәндері «Физика», «Геометрия», «Химия» бойынша тестілеу уақыты 3 академиялық сағат (себебі, тест тапсырмалары есептер шешімі мен сызбаларды қарастырады).

   Шет тілі үш блоктан тұрады: лексико-грамматикалық (20 сұрақ бір дұрыс жауабы бар), «Тыңдалым» блогі (әрқайсысы 200-250 сөзден тұратын бір мәтін негізіндегі 10 сұрақ), «Оқылым» блогі (1 мәтін, 200-250 сөз, мәтін бойынша 10 тест тапсырмасы). Шет тілі бойынша тестілеуге 80 минут уақыт беріледі.

   2016-2017 оқу жылынан мектепті бітірушілер үшін жоғары оқу орындарына түсу емтиханы болып табылатын Ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) жаңа форматы енгізілді.

   Тестілеуге қатысуға өтініш қабылдау 10 наурыз – 10 мамыр аралығында. ҰБТ-ны өткізу мерзімі – 20 маусым мен 1 шілде аралығы (ҰБТ). Шығармашылық емтиханды тапсыруға өтініш қабылдау 20 маусым-нан 4 шілдеге дейін. Шығармашылық емтиханның өтуі 5 – 10 шілде. Педагогикалық мамандыққа түсу үшін арнайы емтиханға қатысуға өтініштер қабылдау 20 маусым – 18 тамыз аралығында.

   ҰБТ бес пән бойынша өткізіледі:

 

    Тасырма саны Тапсырма формасы Бағалау объектісі

1 блок

(3 пән)

Математикалық сауаттылық 20 Ұсынылған бес тапсырманың  бір дұрыс жауабын таңдай отырып Функционалды сауаттылық, логика, сандық салыстыруға тапсырмалар
Оқу сауаттылығы 20 (4 мәтін) Ұсынылған бес тапсырманың  бір дұрыс жауабын таңдай отырып Оқу, мәтінді түсіну, мәтін мазмұнына рефлексия, талдау жасай білу, салыстыру және т.б.
Қазақстан тарихы 20 Ұсынылған бес тапсырманың  бір дұрыс жауабын таңдай отырып Оқу бағдарлама талаптарына сәйкес пәндік білім, білік, дағдылары

2 блок

(2 пән)

Бейіндік пәндер (әрбір мамандық бойынша екі пән)

20 Ұсынылған бес тапсырманың  бір дұрыс жауабын таңдай отырып Пәнді терең білу (меңгерудің ілгері деңгейі), кең ауқымды дағдылану
10 Ұсынылған көп тапсырманың  бірнеше дұрыс жауабын таңдай отырып Пәнді терең білу (меңгерудің ілгері деңгейі), кең ауқымды дағдылану

 

 

Барлық тапсырмалар: 120

Максималды балл: 140. Шекті балл: 140-тан 50

Тестілеу уақыты –3 сағат 50 минут

 

   Ұсынылған көп тапсырманың ішінен бір немесе бірнеше дұрыс жауабын таңдауды жүзеге асыру: - толық дұрыс жауап – 2 балл; - 1 қате (1 дұрыс жауап табылмаса немесе 1 қате жауап таңдалса) – 1 балл; - 2 немесе одан да көп қате – 0 балл. Оқуға түсушілердің шекті балы анықталмаған жадайда ақылы негізде түсу үшін қайта тестілеуден өту (тамыз) қарастырылған. Әрбір оқуға түсуге үміткерге ҰБТ-да көрсеткен нәтижесінің балымен жазылған сертификат беріледі. Сертификаттың мерзімі ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін. ҰБТ нәтижесі тестілеу өткізілген күні мемлекеттік комиссиямен жарияланады және ақпараттық стендтерде ілінеді, сондай-ақ тестілеу нәтижесін ҰТО www.testcenter.kz сайтында көруге болады. Мектеп түлектеріне, ұстаздарға, ата-аналарға ҰБТ-да жақсы нәтижелер көрсетуді тілеймін!

 

 

Л.А.Дисюпова-мектепке дейінгі және орта,

жалпы білім беру секторының меңгерушісі