2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін1
Кеше74
Апта75
Ай1717
Барлық күндері106998

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

Материалдар

«Рухани жаңғыру және білім – болашаққа қадам»

    2018 жылдың 14 наурыз күні №3 Успен орта мектебі базасында «Рухани жаңғыру және білім – болашаққа қадам» тақырыбында мектеп директорлары мен директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған дәстүрлі-тұрақты семинар жұмысын бастады. Семинар жұмысын мектеп директоры Жұмабекова Бибігүл Шәйкенқызы ашты.

   Семинардың негізгі мақсаты – №3 Успен ЖОББМ ұжымының инновациялық педагогикалық тәжірибесінің жұмысын жалпылау және тарату.

   Семинар қатысушылары мектеп педагогтары дайындаған орыс тілінен (мұғалімі Е.С. Асанов), тарих пәнінен (мұғалімдері Г.С. Ибраева, Е.А. Сатыбалдинов), географиядан (Е.К. Асылбеков) ашық сабақтарға және екінші, бесінші сыныптарға арналған (сынып жетекшілер Ж.А. Шакирова, Н.Н. Алпысова) тәрбие сағаттарына, сондай-ақ «Асық ойыны» жұмысына (спорт инстукторы М.Б. Курманалинов) қатысты.

   Мектеп директорларына «BilimBook» құрылғысымен жұмыс жасау бойынша шеберлік сағаты (мұғалім Е.А. Сатыбалдинов, директор Б.Ш. Жұмабекова), ал мектеп директорының орынбасарларымен «Рухани жаңғыру және білім – болашаққа қадам» тақырыбында коучинг өткізілді (мектеп директорының орынбасарлары Ж.З. Аманбаева, З.Р. Шакаргалиева). Әсіресе, семинар қатысушыларына мектептің этномәдени «Достық» мұражайы ерекше әсер қалдырған, экскурсияны таныстырған мектеп оқушылары С. Чарушникова және А. Топтун.

   Мектеп директоры Б.Ш. Жұмабекова мектеп жұмысының қорытынды есебін жасады. Семинар оқушылардың шығармашылығымен тәмамдалды.

   Нәтижесінде барлық семинар қатысушылары әдістемелік ұсыныстар алды және семинар ұйымдастырушылары білім бөлімінің алғыс хаттарымен марапатталды.