2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін0
Кеше44
Апта0
Ай1642
Барлық күндері106923

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

Материалдар

«Наурыз шақырады»

   

   Наурыз мейрамын мерекелеу және Рухани Жаңғыру бағдарламасын іске асыру шеңберінде ағымдағы жылдың 19 наурызында аудандық Мәдениет үйінде «Наурыз шақырады» мерекесі дәстүрлі түрде өткізілді, бұл шараға ауданның барлық мектептері қатысты.

   Іс-шара мақсаты қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына, ұлттық мерекелеріне деген қызығушылықты дамыту, Наурыз мейрамы - ұлтаралық мереке түсінігін қалыптастыру, қазақ халқының дәстүрлеріне ұлтшылдықты дағдыландыру.

   Аудан мектептері қазақ мәдениетінде және өзге халықтарының мәдениетіне сай этноауылдарды әзірледі. Осылайша, ауданда «Наурыз мейрамын» мерекелеуіне бастау берілді.

   Халық түсінгі бойынша Наурыз мейрамын асыр салып, неғұрлым бай өткізсе, жыл да соғұрлым берекелі өтпек. Бұл наным-сенімдерді аудан мектептері айналып өтпей, өз этноаудандарын мерекелік әдет-ғұрыппен, дәстүрлермен толықтырған. Осындай этноауылдардың ішіндегі маңызды бүркіт болды. Бүркіт – батылдық пен бекзаттық белгісі, жергілікті дала мекендеуіші балаларды ғана емес, ересектердің де көңілінен шықты.

   Мереке ұйымдастырушылары шара тақырыбына арналған инсталляциялар көрме конкурсында көркем шығармашылық қырынан көрінуге де мүмкіндік берді. Инсталляциялар жұмысы дәстүрлі қазақ халқының айқын көрінісін ескеруімен, сондай-ақ ұлттық киімдердің өзгешелігі және көркемдігі көрсетілді. Осыған қоса, балаларға Асық ату және Тоғызқұмалақ жарыстары ұйымдастырылды. Осындай шаралар мерекені өзіндік ерекшелігімен, сұлулығымен және жайдарлығымен толықтырды.

   Қатысушылар «Наурыз мейрамын» тойлау барысында өз өнерінде еліміздің қаншалықты көпұлттылы, көпқырлы екендігін көрсетті. Барлық мектептер диплодармен және грамоталармен марапатталды.

   Наурыз мейрамы мерекелік концертпен аяқталып, баршаға жайдарлы көңіл-күй сыйлады.