Материалдар
«Бүлдіршін» балалар шығармашылық фестивалі
Успен ауданы мектептерінің балабақшалары, шағын орталықтары мен мектепалды даярлық топтарынан жүз отыз сегіз қатысушы жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Бүлдіршін» балалар шығармашылық фестиваліне қатысты. Фестиваль 24 сәуірде «Балдырған» балалар эстетикалық орталығында өткізілді. Балалар шығармашылығы мерекесіне әндер, билер, мәнерлеп оқу өнерлері ұсынылды.
Байқау нәтижесі бойынша «Вокал» жанрында үздік атанғандар: кіші сәбилер тобындағы әншілер арасында Притыкина Кира , Павлов шағын орталығының ортаңғы топ тәрбиеленушісі Төлеубай Самира анықталды.
Вокал топтары арасында үздік вокал тобы болып Новопокров ОББМ шағын орталығының вокал тобы (сәбилер тобы) және №3 Успен ЖОББМ вокал тобы (ересектер тобы) анықталды.
Көркем оқу жанры бойынша Вознесен шағын орталығының тәрбиеленушісі Притыкина Кира және Қаратай ЖОББМ шағын орталығының тәрбиеленушісі Смағұл Данияр үздік болып топ жарды.
Хореография жанрында Лозов шағын орталығының тәрбиеленушілері (кіші сәбилер тобы) және «Балапан» балабақшасының тәрбиеленушілерінің би тобы (ересектер тобы) үздік бишілер тобы болып анықталды.
Байқау жеңімпаздары грамоталармен және әрбір қатысушы аудан білім бөлімінің атынан алғыс хаттармен марапатталды.