2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін2
Кеше39
Апта2
Ай239
Барлық күндері107286

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

   ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы балалардың құқығын қорғау комитетінің бастамасы бойынша «Мектепке жол» жалпы республикалық акциясы қолға алынбақ.

   2016 жылғы 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін «Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай «Бақытты балалық шақ мекені» ұранымен өткізіледі.

   Акция мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету.

   Акция аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, мектеп жәрмеңкесі, қайырымдылық күндер, рейдтік шаралар барысында балаларды мектепке қайтаруға және тағы басқа шаралар ұйымдастырылады.

   Әр оқушы жақсы жағдайда сапалы білім алуға лайықты!

СІЗДІ «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫ БОЛ ДЕП ШАҚЫРАМЫЗ!

   Елімізде нашар қамтылған отбасылардан он мыңнан астам оқушылар бар. Оларға мектепке дайындалуға көмектесейік. Әсіресе, осы оқу жылында мектепке киінуге жағдайы жоқ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, көпбалалы отбасылардың оқушыларына аз да болса көмегімізді көрсетейік!

   Қосымша ақпаратты мына телефон бойынша ала аласыз: 8(71834) 91955