«Павлов ЖОББМ» ММ жанындағы «Мөлдір бұлақ» шағын - орталығында қосымша топ ашылды
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Қоңыр ¬Өзек ауылында жаңартылған «Мөлдір бұлақ» шағын-орталығы өз есігін айқара ашты. Мемлекеттік тілде оқытуға және тәрбиелеуге арналған 10 орынға қосымша сәбилер тобы ашылды. Топта сапалы білім мен тәрбие беру үшін барлық жағдай жасалынған. Бұл іс-шараға Успен ауданы әкімінің орынбасары А.А.Дисюпова, аудандық мәслихат хатшысы Р.Қ.Бечелова қатысты, ауыл тұрғындарын осы бір ерекше сәтпен құттықтады, педагогикалық ұжымға жетістіктер тіледі және естелік сыйлықтар тарту етті, ең басты мақсат – ауылдық жерде мектепке дейінгі білім беруді жетілдіру.