Білім беру мазмұнын жаңарту мәселелері жөніндегі семинар
2017 жылдың 6 желтоқсанында №2 Успен мектебінде облыстық білім беруді дамытудың инновациялық орталығы әдіскерлерінің қатысуымен Успен ауданының пән мұғалімдері үшін «Білім беру мазмұнын жаңартуды енгізудің өзекті мәселелері» және оқу ісі жөніндегі директордың орынбасарлары үшін «Мектептің ішкі бақылауын ұйымдастыру» тақырыбы бойынша семинар өткізілді. Семинарға ауданның 62 педагогі қатысты.
Қарым-қатынастың басты мақсаты білім беру мазмұнын жаңартуды іс асыру аясында жаңа идеяларды және критериалдық бағалау жүйесін енгізудің тиімділігін, мұғалімдердің шеберлігін арттыру болып табылды.
Іс-шара соңында семинарға қатысушылар өз пікірлерін ортаға салды және тәжірибелерімен бөлісті. Барлық тыңдаушылар әдістемелік материалдар мен ұсыныстар алды.