2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін3
Кеше28
Апта3
Ай777
Барлық күндері67993

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

Жаңалықтар

«Менің кіші Отаным» жас тарихшылар ІV Республикалық интеллектуалдық конкурсының аудандық кезеңінің қорытындысы

    Туған елдің тарихына аса қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін дамытуға, өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру мақсатында 2021 жылғы 27 қыркүйек күні «Менің кіші Отаным» жас тарихшылар ІV Республикалық интеллектуалдық конкурсының аудандық кезеңі онлайн режимде өткізілді. Биылғы жылы конкурс ұлы ағартушы – Ыбырай Алтынсариннің 180-жылдық мерейтойына арналған.

   Конкурсқа ауданның жалпы білім беру мектептерінің 9-10 сыныбының 34 оқушысы қатысты, оның ішінде мемлекеттік тілде – 13 оқушы, орыс тілінде – 21 оқушы.

   Ережеге сәйкес конкурс екі тур бойынша өткізілді: І турда – Қазақстан тарихы сұрақтары бойынша тест тапсырды. ІІ тура – 4 номинация бойынша жұмыс атқарылды: «Менің кішкентай Отанымның тарихы», «Кішкентай Отанымның символы», «Менің кішкентай Отанымның болашағы», «Менің туған өлкем» (эссе жазу).

   Конкурс қорытындысы бойынша 1 дәрежелі дипломмен №3 Успен ЖОББМ 9 сынып оқушысы Айнур Мусалимова, Павлов ЖОББМ 9 сынып оқушысы Юлия Кашкаха, №2 Успен ЖОББМ 9 сынып оқушысы Пуховская Жанна және Қозыкеткен ЖОББМ 10 сынып оқушысыи Ивахно Полина марапатталды.

   2 дәрежелі диплом иегерлері: Ковалев ЖНББМ 9 сынып оқушысы Дриц Сергей, №3 Успен ЖОББМ 10 сынып оқушысы Дильназ Калыкова, Павлов ЖОББМ 9 сынып оқушысы Жанел Қайыр және Белоусов ЖОББМ 9 сынып оқушысы Кымбат Жумашева.

   3 дәрежелі дипломды Галицк ЖОББМ 10 сынып оқушысы Буллер Роберт, Таволжан ЖОББМ 9 сынып оқушылары Мереке Әнел және Мереке Әдел, №3 Успен ЖОББМ 10 сынып оқушысы Қуандық Мұқамет және №1 Успен ЖОББМ 9 сынып оқушысы Пудич Валерия иеленді.

Жеңімпаздар аудан атынан ағымдағы жылдың 11 қазан күні облыстық кезеңге қатысады.

 

28 09 2021 1