2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін9
Кеше79
Апта271
Ай1503
Барлық күндері106784

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

Жаңалықтар

1 қазан күні аудандық мәдениет үйінде Ұстаздар күніне арналған мерекелік концерт өтті.

   Салтанатты рәсімде аудан әкімі Н.В.Дычко ауданның ең үздік педагогтарын аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапаттады, сондай - ақ аудандық мәслихаттың, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының, облыстық білім басқармасының және Успен аудандық білім бөлімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Салтанатты шараның ең қызықты сәті білім беру ұйымдары арасындағы дәстүрлі конкурстардың жеңімпаздарын марапаттау болды. «Талантты мұғалім - дарынды балаларға» олимпиадасында «Жас мұғалім» номинациясында Равнополь мектебінің математика пәнінің мұғалімі С. А. Курманбаева жеңімпаз атанды,

«Мектеп психологы» номинациясы бойынша Галицкий жалпы орта білім беру мектебінің психилогы Беспалько Елена Каирбековна, «Балапан» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Рамазанова Меруерт Күнжарыққызы «Мектепке дейінгі ұйымның педагогы» байқауының жеңімпазы атанды.

Аудандық «Жыл мұғалімі 2021» байқауының жеңімпазы - Лозовик Светлана Юрьевна, №2 Успен мектебінің геграфия мұғалімі;

«Үздік педагог 2021» атағы №1 Успен мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Надежда Николаевна Петраченкоға берілді.

Мерекелік іс-шара аудан мектептерінің оқушылары мен педагогтары дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасты. Оқушылар мен мұғалімдер өздерінің сүйікті мұғалімдері мен әріптестеріне өлеңдер, әндер, би нөмірлерін арнады.

Осы іс-шараның құрметті қонақтары болған педагогикалық еңбек ардагерлерінің еңбегі алғыс, ризашылық сөздерімен және жарқын күзгі гүлдердің гүл шоқтарымен атап өтілді. Оларға мықты денсаулық, ұзақ өмір тілейміз.