Жаңалықтар
5-8 сынып оқушыларына арналған «ProEco» экологиялық жобалар конкурсын өткізу туралы Ереже
- Толығырақ
- Жарияланды 04.11.2021 16:53
Аудандық білім беру бөлімі, 5-8 сынып оқушыларына арналған республикалық «ProEco» экологиялық жобалар конкурсының аудандық кезеңі 2021 жылғы 10 қараша күні өткізілетіні туралы хабарлайды.
Конкурстың негізгі мақсаты- оқушылардың әлеуметтік жауапкершілікке тәрбиелеу және экологиялық сауаттылықты арттыру, конкурс тақырыбына сәйкес жобалық-зерттеу және ұйымдастырушылық қызметтері мен бейнематериалдар әзірлеуді ұйымдастыру арқылы оқушылардың экологиялық құзыреттілігін дамыту.
Конкурсқа 5-8 сынып оқушылары, жеке, сондай-ақ, командалық құрамда (3 қатысушыдан аспайтын) қатыса алады.
Конкурс төрт бағыт бойынша өткізіледі.
Өтінімдер мен бейне жұмыстар 2021 жылғы 9 қарашаға дейін білім беру бөлімінің электрондық поштасына This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. қабылданады.