kozyketkensosh1
kozyketkensosh2

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін60
Кеше158
Апта365
Ай365
Барлық күндері111807

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

БӨЛІМ БӨЛІМІНІҢ ТАРИХЫ

 

Ең көне мектеп қазіргі кезде аудан орталығындағы №1 ЖОБ

Железин селосында білімнің дамуы Железин қамалының құрылуымен түбірінен алыс жылдарға кетеді.1769 жылы Железинде 78 аула, ерлер және әйелдер гимназиясы болды. Кейінірек 4 класстық шіркеу мектебі салынды.

30 жылдарға дейін әлі де кішкентай Железинкада бастауыш сыныптар кулактардың үйіне орналасты (3), оның ішінде Железин селосынан қуылған, сотталған, елді талаған бұрынғы саудагер Власов Павел Викторовичтің үйі. Қазір бұл үйде тарихи-өлкетану мұражайы орналасқан.1935 жылы Киров көшесінде арнайы ағаштан 4 бөлмелі мектеп салынды. Железин ауданы орталық болған соң, тұрғындардың саны өсті. Енді мектеп жасындағы балалар осы екі мектепке сыймады. 1937 жылы күзде бір қабатты онжылдық жаңа мектеп дайын болды, 5 сынып, мұғалімдер бөлмесі, директор кабинеті, директор Касьянов Платон Петрович.

Бұрынғы тұрғын осы жаңа мектепте оқыған Д.Е.Пашковскаяның естеліктерінен «бұрынғы тапал және тар ескі мектептермен салыстырғанда, ол өте әдемі және биік болып көрінді, оның ақ тастан қаланған қабырғаларын, үлкен терезелерін біз ұзақ қызықтадық. Біз бәріміз осы жаңа мектепке оқуға кіргізетін күнді асыға күттік. Бұл күн де жетті. Біз бояудың иісі шыққан жарық, кең сыныптарға кірдік. Бұл үлкен қуаныш пен ыстық сезімді мен ешқашанда ұмытпаймын. Соғыстан кейінгі бұл мектептің бірінші директоры Игнатенко Григорий Афанасьевич болды.

Жылдар өткен сайын мектеп ғимаратында оқушыларға орын жетіспеді. Өйткені Железин көз алдымызда тез өсіп дами бастады. Сонан соң мектептің жанынан саманнан кішкентай ғимарат салынып, ол спорт мектебінің жанынан орналасты. Мұнда бастауыш сынып оқушылары ауыстырылды. Мектептің негізгі бөлігі әлі де салынып жатты.

Мәселенің түпкілікті шешілгені көрініп тұрды. Дегенмен, Железин селосына үлкен мектеп қажет болды, себебі елге көшіп келушілер мен оқитын балалардың саны артты. Дәл осы кезде жалпы білім туралы Заң шықты.

1968 жылы жаңа мектеп ғимараты өзінің есігін айқара ашты. Директоры Крутиков Николай Яковлевичке ашылу салтанатында рәміздік кілт тапсырылды.

Бірақ Калинин көшесіндегі (қазіргі кезде Желтоқсан көшесі) сегізжылдық мектеп болып, 80 жылдардың басына дейін қызмет істеді.

Әрбір оқиғаның өзінің ерекшелігі болады. Екінші Железин мектебінің ашылуы бекер емес. Өткен жүз жылдықтың 90 жылдардың басында (Железин №1 мектебі) оқушыларды мектепке әрең сыйғызды, сабақ екі кезеңде жүрді, кейбір кабинеттерді интернат қылды, авто іс және шаруашылық техникасын гаражға орналастырды.

1993 жылы мектепті бітіріп, пайдалануға беру туралы шешім қабылдады. Ескі мектептің кезінде әкімшілік болған, яғни директоры Середа Григорий Викторович және директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары Амангелді Әмірұлы Баянбаев. Олар тек қана мектепті жабдықтаумен айналысып қойған жоқ, құрылысшыларға көмектесті.

Бірінші тамыздан әлі пайдалануға берілмеген Железин №2 орта мектебіне қалыптасқан педагогикалық ұжым жұмысқа шықты.

1 қыркүйекте жапы мектептік жиында мектептің ашылу салтанаты өтті.

Железин ауданының басшысы Г.Г.Сокуренко мен облыстық білім департаментінің өкілі Т.Е.Дайкенов лентаны қиды.

Екінші мектептің педагогикалық ұжымы жастар болды, негізінен орташа алғанда 33 жастағылар. Бұл ұжым үлкен шығармашылық және іскерлік қарымдағы пікірлестер.

Мектеп жоба бойынша 18 сынып-комплектке (704 оқушыға) арналған. Оқу екі кезеңде өткізілді. 26 оқу кабинеті болды. Физика, химия, биология, география кабинеттері үшін 4 арнаулы тақталар, қазақ тілі мен информатика кабинеттеріне 2 интербелсенді тақта берілді.2005-2011 оқу

жылдарында бес мектеп бітіруші «Алтын белгі» төс белгісін, бір оқушы үздік аттестат алды.

2003 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігімен және «Тіл туралы Заңға» байланысты №3 Железин жалпы білім беру мектебі ашылды.

Мұрағаттағы деректер бойынша Пятерыжскте Ертіс өзенің жағасында үш параллельде орналасқан 200 ағаш үйлер, ағаш шіркеу,бастауыш мектеп, ұсақ дүкендер болған.1932 жылы селодағы мектеп бастауыш екен. Оқушылар екі селолық үйде оқытылған. 1957 жылы мектеп сегіз жылдыққа ауыстырылды. Мектеп директоры Грицай Николай Даниловичтің белсенді қатысуымен шеберлер бригадасын әкеліп, ескі мектепті бұзып, сол материалдардан село орталығынан жаңа мектеп салды.

1977 жылы оны Пятерыжск жалпы білім беру негізгі мектебі деп қайта аталды. 1993 жылдан жаңа ғимаратта (500 кв.м.) Бұл Железин селосының соңғы құрылыстарының бірі. Ол шаруашылық әдісімен салынған.(директор Д.Ш.Ахметов, прораб В.И.Жуков). Мектепте 4 сынып бөлмесі, спортзал, кітапхана, шеберхана, компьютерлік сынып бар.

Захаровка селосы 1907 жылы Ресей мен Украинадан шаруашылыққа қолайлы жер іздеп келгендерден құрылған. Көшпенділер алғаш көшіп келіп орналасқан соң бірден жаңа мектеп салған. Алғашқы мұғалім Левицкий Феодосий Евсеевич болды.

1913 жылы онда 19 ауыл ұлдары мен қыздары оқыды.1914 жылы 1 Дүниежүзілік соғыстың басталуына байланысты мектеп жабылып, шіркеу үйіне айналды. 1920 жылы Колчак бандасын қиратқан соң, мектеп қайта ашылып, онда 30 бала оқыды.1935 жылы – 70 оқушы. 1952 жылы жеті жылдықты құрды. Сол уақыттарда 31 рет мектеп түлектерін шығарды, бұл 700 –ден астам адам. Уақыт өткен сайын село өсе берді. Тың игерудің басталуымен жастар көп келе бастады, олармен жас балалар саны көбейді. Ескі мектепке балалар сыймады. Сондықтан да 1956 жылы жаңа мектептің құрылысы басталды. 1957 жылы мектеп жаңа қонысын тойлады.

50 жылдарда мектепте 6-8 мұғалім жұмыс істеді. 1950-1954 жылдары мектепке Путинцев Михаил Григорьевич жетекшілік жасады. 1954 жылы Пушня Клара Михайловна, 1957 жылдан 1962 жылға дейін Балабанов Леонид Денисович басқарды. Оның кезінде оқушылар дың құрамының өскені соншалық, алғашқы рет мектептің директорының орынбасары тағайындалды.1960-1966 жылдары бірінші директорының орынбасары

Трубаченко Нина Павловна болған.1962-1967 жылға дейін мектепті В.И.Тарасенко басқарды.Ал 1967 жылдан 1973 жылға дейін Нүкенов Теміршот Нүкенұлы жетекшілік жасады, тағы да оқушылар мектепке сыймай сабақ екі кезеңде жүрді.

Жаңа тұрпатты ғимарат туралы мәселе тұрды. Директор аудандық оқу бөлімінің қолдауымен және Д.А.Лисс облыстық кеңестің депутатының қолдаухатымен жаңа мектеп құрылысын салуға кіріседі. 1974 жылы жаңа мектеп қыркүйек айында өзінің оқушыларын қарсы алды. Мектепте

10 кабинет, оның ішінде екі лингофондық, жақсы жабдықталған шеберхана, спортзал болды. Жаңа мектептің директорлығына жас, қайраткер Әмренов Амантай Әлмұханұлы тағайындалды.

1978 жылдан 1985 жылға дейін Абай Дүйсенұлы Жолдыбаев директор болып, оның кезінде сегізжылдық мектеп орта мектепке айналып, алғашқы 1 қазақ сыныбы ашылды. 2002-2004 жылдарда Сәбит Балтабайұлы Орумбаев, 2004-2009 жылдары Сәрсенов Төлеген Сәрсенұлы басшылық жасады. 2009 жылдан Л.Р.Сүлейменова директор, қазіргі кезде мектеп негізгі, аралас.

Моисеевка ЖБНМ тарихы. Бұл аз комплекті мектептің алғашқы директоры Лапаев Петр Семенович. Қазіргі мектеп ғимаратының (1962 ж.) бірінші директоры Валентина Андреевна Михайловна болды. Одан кейін Бариев Павел Бариевич, Пшеничникова Роза Алексеевна, Притыко Николай Петрович, Есболатов Талап Есболатұлы, Орумбаев Сәбит Балтабайұлы, Бергер Виктор Иванович, Гербер Галина Федоровна, Анзельм Наталья Валентиновна, Соғымбаев Жанат Қылышбекович, Бояркина Алена Владимировна, қазір – Ковалева Ольга Александровна.

1937 жылы «1 Май» колхозы орналасқан селода Первомай бастауыш сыныбы(Комаровка селосында, қазір Аққайың) ашылды. 20 жылдан соң жетіжылдық, ал 1961 жылдан сегізжылдық болып аталды. Комаровка мектебі қызмет істеген жылдарда 40 түлек шығарды, туған мектеп қабырғасын 600 оқушы шықты.

Комаровкада алғашқы мұғалім Абдрахман Бектұрғанов болды. Ол балаларды Кәрімұлы Оспановтың үйінде оқытты. Уақыт өте келе ағайынды Хамзиндер, Асқар және Ақпар жаңа ғимарат салды. Осылай Комаровкада колхозшылардың балалары орыс және қазақ тілінде оқытылатын мектеп пайда болды. Сол алыс жылдарда мектепті Мусин Қабиден басқарды. Қазір ол ЖБНМ деп аталады.

Михайловкада алғашқы мектеп 1909 жылы ашылып, жер үйде орналасқан. Жер үй-мектеп күтілмеген, ыңғайсыз болды. Кейіннен селоның ортасында әдемі ғимарат ағаштан жасалған жаңа мектеп салынды.Құрылысты ұйымдастырушылар Лемешко және Рылов екен. Мектепті неміс-көшпенділері салды. Алғашқы ұстаз Владимир Михайлович Радин. Ол солтүстік Кавказда туған, Кубаньда тұрды. Урюпин училищесінде оқыған. Павлодарға 1910 жылы келіп, алғашқы мұғалімдердің ретінде «Қазақ ССР мектебінің еңбек сіңген мұғалімі» атағы, соңынан 4 жыл өткен соң жоғары марапат: Еңбек Қызыл Ту ордені (1946 ж.), және Ленин ордені (1948 ж.) берілген.

Коллективтендіру кезінде мектептің меңгерушісі - И.М.Дунин.

1932 жылы міндетті жеті жылдық білім туралы қаулы шықты. Мектепте оқушылар саны артып, жас мұғалімдер келді: Н.В.Шарапова, Т.А.Стрибежева олар 1934 жылға дейін бастауыш мектепті жетіжылдыққа ауыстырғанша мектепті меңгерді.

1934 жылы жетіжылдық мектеп ұйымдастырылып, директоры Г.Е.Крутьев болды.

Бұл кезеңде Михайловка мектебінде жұмыс істегендер: П.П.Касьянов, Е.С. Юдина –биолог, А.М.Чмелев, Ф.Е.Быков, Е.Ф.Данилова, М.И.Царько, Ф.А.Надточаева, В.Л.Бондарева, В.А.Фаринин, И.Ф.Мудряк, М.Т.Крутьева, Т.Бычинская, Н.В.Погорелова, Д.Г.Меркулов – тарихшы.

1940 жылы Михаил Митрофанович Назаренко директор болып 1941 жылға дейін істеп соғысқа кеткен.Оны Туладан көшірілген В.Чернавкин ауыстырып, 1943 жылға дейін болған.

1944 жылы С.И.Рыбалко директор болғанда мектеп қабырғасынан алғашқы 10 сынып түлектері шықты.Олар барлығы 12 оқушы еді.40 жылдары орта мектепті соғыс ардагері Барсуков Алексей Романович ұзақ меңгерді.

1979 жылы Михайловка орта мектебінің екі қабатты ғимараты салтанатты түрде ашылды.

1949 жылы Михайловкада қосымша Победа бастауыш мектебі құрылды. Мектеп тұрғындардың күшімен салынды. Мектепте барлығы

3 сынып бөлмесі және кішкентай мұғалімдер бөлмесі болды. Бірінші меңгеруші – Луговой Михаил Иванович.1950 жылдан мектеп жетіжылдыққа көшті.Директоры – Сумина Екатерина Дмитриевна.

Мектепті кеңейтуге себепкер болған 1953 жылдан директор Прокопцов Виктор Моисеевич. Оның кезінде мектепке қосымша 2 сынып бөлмесі және үлкен мұғалімдер бөлмесі салынды. 1955 жылдан 1966 жылдары директор Кантемиров Иван Власович. Одан кейінгі директорлар – Зайцев Валерий Сергеевич (1966-1968 ж.), Мороз Валерий Павлович

(1968-1971 ж.), кейін тағы да И.В.Кантемиров, мектеп жабылғанша Марковская Татьяна Андреевна. 1980 жылы ғимарат жабылып, оның орнына «Солнышко» балалар бақшасы салынды.