kozyketkensosh1
kozyketkensosh2

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін60
Кеше158
Апта365
Ай365
Барлық күндері111807

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

БӨЛІМ БӨЛІМІНІҢ ТАРИХЫ

Мирный бастауыш сыныбы (совхоз орталығында) 1960-1961 жылдары ашылған. Бірінші меңгеруші Бурдаков Виктор, Фомич В. Мұнда жұмыс істегендер: Морозова Л.М., Е.А.Шумакова, З.А.Лидвецова, Е.Г.Кукарекина, Е.Р.Попова, Е.П.Савенко, Л.И.Абрамова. Победа және Мирный мектептерінің жабылу себебі – оқушылар құрамының аздығы және материалдық жағдайлардың сәйкес болмауы.

1969 жылы Михайловканың үш мектебінде 1907 оқушы оқыған, 85 мұғалім жұмыс істеген.

Петропавловка селосы (Буденовка НОМ) 1905 жылы құрылған. Алғашқы көше өзеннің жиегінде орналасқан. Алдымен көшіп келгендер: Титченко Шевель, Якушевтар, Карицкидер, Агеенко. Ағаш үйлер болды. Сол уақытта шіркеу, мектеп жұмыс істеді. Төрт сыныпқа сабақ берген мұғалім жұмыс істеді, оқыту құралдарының деңгейі төмен жағдайда болды.

Ең бірінші мұғалімдердің бірі - Богданович Надежда Георгиевна (кейін Радина). Ол қалалық Владимирское училищесінде екі жылдық педагогикалық курсты бітірген. Богдановичтің осы училищені барлық пәндерді төрт пен беске бітірген куәлігі сақталған. Надежда Богдановичтің атына жазылған нұсқауда былай жазылған: Қайта ашылған Петропавловский селолық училищесіне 1914 жылдың 1 тамызынан мұғалім қызметіне тағайындалғаныңызды құрметпен хабарлаймын. Сіздің көп кешікпей Павлодар уездіне Петропавловский селосына барып 1914 жылы 3 қыркүйекте училищенің тезірек ашылуы үшін барлық шараларды қолданып, қатысуыңызды өтінемін.Петропавловка селосы Павлодардан 290 километр қашықтықта Новосібір облысының шекарасының жанында орналасқан. Осындай алыс түпкірге он сегіз жасар қыз балаға бару керек болды. Железин ауданының Петропавловскселолық мектебінде Надежда Георгиевна төрт жыл жұмыс істеді.

1933 жылы екі колхоз құрылды: Шербақты және Буденов атындағы. Алғашқы төрағасы Подсосонный болды.

1946 жылы жаңа аштық жайылып, онымен бірге тұрғындардың білім деңгейі де құлады.мектеп көп уақыт қосымша орында орналасты. 1962 жылдан салынған жаңа мектепте оқытыла бастады, оны 1947 жылдан 1976 жылға дейін Графкин Алексей Григорьевич басқарды. Кейін директор болғандар Смағұлов Мұхамеджан Төлебаевич, Дюбин Николай Степанович, Штайгер Владимир Валерьевич, Садовой Николай Николаевич, Синнер Галина Федоровна. 1966 жылы салынған жаңа мектепке көшіп, Синнер Римма Михайловна, Дорошенко Лидия Ивановна басқарды. 1995 жылы салынған негізгі мектептің директоры – О.П.Папушкина.

Красновкадағы бірінші мектеп ағаш шіркеуде орналасып, соңынан жанып кетті. Соңынан ағаштан жаңа мектеп салынып, жеті жылдыққа айналды. Соғыстың зардабынан оқушылар күлмен газеттерге жазды. Сол кездегі мұғалімдер – Кондратенко Иван Игнатович және оның қарындасы. Соғыстан кейінгі жылдары мектепке Марьин Николай Иванович жетекшілік жасады.

Оқушылардың құрамы 1966 жылы тек қана 1 сыныпта -32 оқушы.

1980 жылы 1-6 сыныптарда 56 оқушы оқыды.

Одан кейінгі директорлар: Богачев Владимир Антонович, Мухитов Юрий Бариевич, 1985 жылы (біраз үзіліспен) Тютюникова Нина Константиновна. Мектепті бітіргендер Железин банк қызметшісі Долинина Галина, педагогикалық еңбек ардагері Адамова Назиза Қабылбекқызы.

Мынкуль селосы (станция Мынкуль) 1955 жылы пайда болды.

1958 жылы әлі күнге дейін поселка мақтанышы элеватор құрылысы басталды. 1958 жылы алғашқы мектеп ғимараты салынды, ол кішентай ғана ғимарат еді. 1960 жылы үлкен тұрпатты мектеп салына бастады.

90 жылдары суықтан, дағдарыстан мектеп бұзылды, оқушылардың құрамының кемуімен сыныптар бұрынғы теміржолдың мекемесіне орналастырылды. 2012 жылдың 1 қыркүйегінде Мынкульде жаңа мектеп пайдалануға беріліп, 57 оқушы оқытылады.

1907 жылы Башмашын бірсыныптық бастауыш казачье училищесі жұмыс істеді. Мұғалім Избушин Апполон Николаевич. Осы 1907 жылы Башмашын шіркеу-кірістік мектеп белгіленді, мұғалімі Михайлова Ольга Ивановна. Екі оқу орны да бір мезгілде жұмыс істеді.

Жиырмасыншы жылдары Киров көшесінде кәдімгі екі бөлмелі мектеп үйі, сосын төртжылдық болды. Мұғалімдер – Калиса Константиновна және Кротова Августа Васильевна.

«Червоноукраинский» (Башмашын селосы) коммунасының ячейкалық жиналысының 1922 жылғы 2 шілдедегі хаттамасынан:

«...Қаулы мұғалімдерге оқушыны тізерлеп отырғызып қоюға және түскі тамақсыз қалдыруға толық құқық берді. Егер оқушы мұғалімнің айтқанын орындамаса және жазаны орындамаса мұғалім ата-ааларынан көмек сұрайды. Егер ата-ана бұзақыны қорғап, ешқандай ықпал жасамаса, мұғалім тура Кеңеске өтініш жасайды, Кеңес шара қолдануы тиіс. Әрі қарай ата-аналар салақтық көрсетсе коммунадан шығарылады».

Мектеп ерекше орын алды.Бірінші мұғалім К.К.Ярославцева болды. 1937 жылы мектеп Набережное көшесінде Ертіс өзенінің жанында 4 бөлмелі ағаш үйде 7 сыныптық болды. Директоры Кроткова Августа Васиьевна. Сол кездерде мұғалім болып жұмыс істегендер: Скачкова-Тибенко Н.С., А.А.Овчиникова. Жоғары сыныптарда Е.Гуськова, В.Родькина, А.А.Антонов, директордың орынбасары Витько Мария Макаровна. Мектептің алдында келген мұғалімдер тұратын кішкентай үй тұрды. Мектепте көркемөнерпаздар сабағы жүргізілді.

Башмашында шіркеу болды, 1947 жылға дейін жұмыс істеді. Соғыстан соң ол қоймаға айналып, астық сақталды. Шіркеудің орнына жетіжылдық мектеп салынды. Кейін мұғалімдер мен оқушылардың көмегімен қосыша құрылыс (екі сынып бөлмесі) қаланды.101 адам оқытылды, оның 6-ауы қазақтар.

1941-1945 жылдары барлық оқушы-балалар мұғалімдермен бірге егіннің арам шөбін отауға, қырманға жұмысқа барды. Сөмкелері қаптан немесе фанерден жасалды, ескі газеттерге жазды. Лениннің өсиеттерімен өмір сүрді. 1944 жылы 4 сыныптың оқушылары қалды. Жас мұғалімдерді соғысқа алып кетті. Қалған оқушылар колхозға жұмысқа кірді. 1948 жылы қайтадан мектеп ашып, жетіжылдықты бітіре алмағандар қайтадан оқуға келді. Мектеп директоры Антонина Александровна Овчиникова болды. 1950 жылы ауылдың шетінен Ленин көшесінде саманнан жаңа мектеп салды. Көшет отырғызып оны жақсы баптады. Мектеп директоры Поминов Иаким Иакимович.

Әр жылдары мектеп жұмысын басқарғандар: М.Р.Михайлов- 1949 ж., Пропотнева -1952 ж., М.В.Мелихов-1953 ж., И.И.Поминов -1957 ж. , Л.Д.Балабанов, Г.Сидоренко, В.П.Горобец, И.Е.Румянцев.

1967 жылы жаңа орта екі қабатты мектеп салынды, директоры Балабанов Леонид Денисович. Сол жылдары жұмыс істеген мұғалімдер: Алексеева Зинаида Петровна, Силина Любовь Михайловна, Мячина Ольга Антоновна, Старостюк Валентина Николаевна, Платонова Лина Николаевна, Шаров Александр Алексеевич, Шарова Нина Михайловна, Агапитова Нина Михайловна, Гүлнара Сағитқызы, Сорокина Лидия Андреевна, Погребняк Л.

1967 жылы бірінші түлектер ескі ғимараттан шығарылды, 45 оқушы шықты. Сынып жетекшілері –Г.С.Баширова.

Береговой мектебі. Алғашқыда мектептің өз орны болмады.1-3 сынып оқушылары поштаның ғимаратында оқыды. Оқушылар-11. Мұғалім Семенов Григорий (жетіжылдық біліммен). 1937 жылы үш сынып бөлмесімен жаңа мектеп салынды. Басында 3 сынып, сосын 4 сынып болды. 1957 жылы ескі мектепке қосымша 3 бөлме салды. 1955 жылға дейін мектепті М.Г.Путинцев басқарды, қазір зейнеткер.

1955 жылы Гаврил Егорович Крутьев директор, ал аға вожатый В.К.Бурлачук болды. Мектепте үш пионер : Н.Демиденко, Г.Сажина, М.Гуноев.Ұлы Октябрь мерекесінің қарсаңында мектеп аудандық комсомол комитетіне мектеп дружинасына Кеңес Одағының Батыры А.Матростың есімін беруге өтініш жазды. Өтініш қанағаттандырылды.1955 жылдан дружина осы атақты ұстады.

1971 жылы селода жаңа мектеп салынды. Мектепте 12 мұғалім жұмыс істейді. Оның 4-еуі жоғары білімді, қалғандары арнаулы орта педагогикалық білімді. Осы уақыт ішінде директор болғандар: Л.Д.Балабанов, В.И.Прокип, А.Б.Бижигитов, Н.Д.Грицай, Б.К.Битенов, Л.Н.Домрина, Т.Ф.Ткач, Н.В.Середа, Н.А.Герасименко. Мектеп бітірушілердің көбі өздерінің туған мектептерінде мұғалімдерінің қызметін жалғастыруда: Л.Н.Баранов, Е.Н.Колосникова, В.Н.Богомол, Н.А.Герасименко, К.И.Иманкулова, Т.Н.Середа, Т.Ф.Сикорская, Д.Н.Середа және т.б.

60 –ыншы жылдары Дубрава бастауыш сыныбы жұмыс істеді. Мектептің директоры Чуприкова Елизавета Никитична, еңбек пәнінің мұғалімі Овчинникова Анна Николаевна 1967 жылы жіберілді.1969 жылы мұнда

5 сынып бөлмесімен жаңа мектеп салынды. Селоны оңтайландыруға байланысты 70-інші жылдары жұмысын тоқтатты.

1956 жылы Кузьмино селосында мектепті Қ.У.Уразгулов басқарғаны белгілі. 1963 жылы жаңа сегізжылдық мектеп салынып, директоры М.Мақпалиева, М.Е.Писегов болды.1976 жылы жаңа тұрпатты екі қабатты жаңа мектеп бой көтерді, директорына К.Р.Рахметов (1976-1983) сайланып, мектеп 12 желтоқсан атында аталды.1983-2001 жылға дейін Г.К.Оспанова басшылық жасап, 2002 жылдан Кузьмино НОМ болып өзгертілді.

1929 жылы Ертіс жағасында Башмашын және Үрлітүп селоларының арасында Приертісдеп аталатын совхоз тұрды, артынан 1930 жылы Приертіс бастауыш сыныбы ашылды. Ғимарат саманнан тұрғызылған, төрт бөлмелі, пешпен жағылатын еді. Бірінші ғимаратта оқу 1964 жылдан жүрді. 1941 жылы мектеп жетіжылдыққа айналды. 1964 жылы кірпіштен қаланған жаңа мектеп пайдалануға берілді.Құрылыс «Приертіс» совхозының күшімен жүргізілді. Мектепті салуда 8 сынып бітірген оқушылар жұмыс істеді, мектеп салынып біткен соң, сол оқушылар енді орта мектеп деп аталған жаңа мектептің 9 сыныбын оқуға отырды.

1966 жылы орта мектептің алғашқы түлектері шықты. Жылдан жылға сынып бөлмелері жетіспеді, сондықтан 1984 жылы 464 орынға үш қабатты жаңа мектеп ғимаратының құрылысы басталып, 1986 жылы аяқталды.

Алғашқы бағыт беруші ұстаздар: Стрибежева Таисия Амосовна-ҚазССР еңбегі сіңген ұстаз, Ленин орденінің кавалері; Зинаида Алексеевна Ромадина, Падалко Григорий Маркович – Груздевка мектебінің негізін қалаушы, Большевик балалар үйінің директоры; Воронянский Борис Павлович, Ромадин Борис Алексеевич, Безнос Николай Максимович, Василенко Лев Федотович – Ұлы Отан соғысына қатысушы-мұғалімдер; Бесхлебная Домна Трофимовна- бастауыш сынып мұғалімі, Ленин орденінің кавалері және тағы да басқалар. Директор болғандар Т.А.Стрибежева (1964 ж. дейін), Г.П.Черников (60 жылдары), А.А.Шаров(60 жылдары),В.П.Горобец (1989-1994), Л.И.Фляум (1999 жылдан қазірге дейін).

1962 жылы Приертіс мектебінің директоры Праслов Тимофей Петрович 1999 жылға дейін 37 жыл жылға жуық қызмет жасады. Оның еңбегі еленіп, СССР ағарту Үздігі, ҚазақССР ағарту Үздігі, Қазақ ССР еңбегі сіңген ұстазы атағын алды. 2009 жылдан Приертіс мектебі Т.П.Праслов атында.70-90 жылдары болған барлық жаңарту процесстері жоғарыда аталған директорға өте тығыз байланысты.

Большевик балалар үйі 1944 жылы құрылды.100-120 балаға негізделген. Оған Падалко Григорий Маркович басшылық жасады.

Революцияға дейін Үрлітүп селосында 40 ұл 20 қыз оқыған казачьий мектебі болды. Кеңес уақытында 1921 жылы бастауыш мектеп ашылды. Мұрағат дерегі бойынша: 1924 жыл, Үрлітүп селосында мектеп бар, онда балаларды екі мұғалім оқытады. Мұғалімдер қамтамасыз етілмеген, жартылай ашығуда мектеп қоғамнан көмек сұрағанда «Біз оқыган жоқпыз, балаларымыз да далада қалмайды» деген.

1921 жылы мектеп саудагер Власовтың үйінің жартысына (жартысы Железинге көшірілген) орналасқан. Төрт бөлмелі, ауданы әртүрлі, мұғалімдер бөлмесі мен кішкентай дәлізден тұрған. Бұл мектеп 1962 жылға дейін болды. 1962 жылы мектепке екі қамыс ғимарат үй-кеңсе бой көтерді. Мектеп директоры В.Г.Заводских жергілікті жетекшіден осы екі ғимаратты дәлізбен біріктіруді өтінді. Қаңтар айында жаңа мектеп жұмысын бастап, 1975 жылға дейін сақталды. Бастауыш сынып мұғалімі болып директордың әйелі Наталья Сидоровна болды. 1975 жылы В.Г.Заводских ауруына байланысты мектептен кетіп, көп кешікпей қайтыс болады. 1976 жылы директор -Соха Николай Севастьянович.

1977жылдан 1983 жылға дейін директор Еркалова Галина Васильевна (В.Г.Заводскихтың қызы).1983 жылы директор З.Ж.Байжанов, оны С.Л.Лядинов, кейін О.А.Ковалева ауыстырды. Оқушылардың құрамы

60-ыншы жылдары 280 оқушы, 70-інші жылдары -150 оқушы. 2008 жылы Үрлітүп мектебі бастауыш сыныпқа қайта ұйымдастырылды, 2010 жылы жабылды. Туған мектебімен әскери қаржы ведомоствосында қызмет етуші полковник И.Л.Ақпанбаев үнемі тығыз байланыста болды. Облыстың мектептерінде және басқа жерлерде Заводских әлеттері мұғалімдік қызметті жалғастыруда.

Ленин өсиеттері

Поселкада 1920 жылы В.И.Лениннің өзінде болған 74 жастағы

ақсақал Илья Данилович Путинцев тұрады. Осы әңгімеден соң көсем бала бақшасын салуға рұқсат қағаз беріп, кетерде Ленин мен Путинцев сүйісіп қоштасқан. Сонымен бірге Ленин оған ешқандай ескерткіш керек емес екенін қосып айтқан (Үрлітүптен барған жаяу ұсыныс жасаған екен). Әңгімесін аяқтап ақсақал көзінің жасын бұлап отырып мынаны айтыпты:

«В.И.Ленин өлді, менде жуырда өлетін шығармын.Өсиетін орындай алмайтын шығармын, балалар үйін салу үшін маған органнан көмек қажет, жалғыз менің қолымнан келмейді».

Дегенмен үкіметтің көмегімен балалар бақшасын салып, В.и.лениннің атын берген.

Груздевка мектебі 30 жылдары құрылып, тек қана бастауыш болған.40-50 жылдары он жылдан асуымен Склярова Валентина Иосифовна жұмыс істеген ғимарат тұрпатсыз, қолайсыз болыпты. Сыныптар үлкен, едені сыланатын, мұғалім осы мектепте тұрған. 50-60 жылдары бастауыш сынып мұғалімі Қырымнан келген Кратько Екатерина Васильевна, кейін оны Павлодардан келген Ковалева Вера Васильевна ауыстырған. Он жылдан асуымен (80 жылдары) Безводныйдан (Большевик) атпен, велосипедпен мұғалім Падалко Григорий Маркович жұмысқа қатынасқан. 1989 жылы мектептің ақырғы ғимараты салынып, Касьянова Зоя Владимировна мұғалім болып жұмыс істеген. Қазір Груздевка БС Юмолистова Татьяна Васильевна басқарады.

Лесное ЖБОМ .1933 жылы мектеп құрылысы басталды, тұрғын үйде оқыды. Мектеп бастауыш болып, әрі оқуға Приертіс совхозының мектебіне жіберген.Бірінші мұғалімдер: Клавдия Петровна, Мария Павловна Колбасина. 1954 жылы педучилище бітірген Дмитрий Петрович Заводских бастауыш сыныпты меңгерген. Екінші мұғалім Феоктиста Николаевна Судницына. Мектеп бастауыштан жетіжылдыққа өсті, 1941 жылға дейін директоры Г.Д.Заводских. Соғыс басталғанда ол соғысқа кетіп, орнына Таисия Петровна Борщова, директордың орынбасары – В.М.Любецкая, мұғалімдер Е.Г.Заводских, А.П.Олькова және басқалар.1945 жылы соғыстан қайтқан төрт жауынгерлік орденінің кавалері Д.Г.Заводских басқарды, ұжым жаңа білімді мамандармен толықтырылды: А.К.Гончарова, Л.С.Степанова, Е.П.Олькова.

1948-1949 оқу жылдары жаңа мектеп ғимаратында басталды. Ол саздан салынған бір қабатты ұзын үй. Сыныптар кішкентай, балалар сыныпта шешінді. Сыныптардың жиынтығы 40-45 адамға жетті.

1955-1956 оқу жылдары кешкі мектеп орта мектепке қайта ұйымдастырылды. Мектепке барлық сынып сыймай, совхоз екі жаңа үй беріп, балалар сонда оқытылды. Тың игеру жылдары жаңа мектеп салынды. Жеке мектеп шеберханасы, онда зертхана орналасты. Мектеп директоры екі жыл бойы Д.К.Ким болды, кейін ол Савельева Валентина Васильевнаға берді. 1961 жылы мектепті білгіш, іскер, еңбекқор Борис Леонидович Заблудин қабылдады. Ол мектеп шеберханасының жұмысын жақсы жолға қойып, көп кіріс кіргізді.1965 жылы А.К.Мещерякова, 1968 жылы В.И.Тарасенко директор болып тағайындалды. 1977 жылы «Үрлітүп» совхозында 640 орынға жаңа тұрпатты мектеп ғимараты салынды, оны 1982 жылға дейін А.Ж.Алимов, кейін Ш.З.Лятин, И.Д.Петриди, К.К.Шакенева, Г.Д.Сүлейменова, Б.М.Каппасов, Н.И.Тергеусизов, М.Ж.Утулин, қазіргі кезде М.Ш.Копеев.

Крупское НОМ. 1930 жылы Приертіс совхозы құрылды, біріккен елдердің бірі №6 бөлімше шошқа тауар фермасы, қысқаша ШТФ. Сол 1938 жылы ашылған бастауыш мектеп те солай аталды.1946 жылы мұғалімдердің аудандық тамыз конференциясында жас инспектор «ШТФ» нені білдіреді? – деп сұрағанда бәрі күлген. Содан кейін бұл мектеп, село Н.К.Крупскаяның атымен аталған. Алғашқы мұғалім Мария Петрова Руднева.

Төрт жыл бұрын (2008 ж.)  мектебі жабылған. Бірінші мектеп селоның ортасында 30 – ыншы жылдары ашылған. Ол саман кірпіштен салынған. Құрылыс терең күзге дейін салынып, сол себепті біткен айдың аты берілген. Алғашқы мұғалімдер: Кузьменко Тамара Николаевна, Кныш Екатерина Павловна. 1961 жылы ескі мектеп бұрынғы селолық округке көшті.

1932 жылдың басында Раздельное бастауыш сыныбы ұйымдастырылды. Мұрағаттардан алынған деректерге қарағанда алдымен бастауыш болып, 1952 жылдан селоның өсуіне, тұрғындардың көбеюіне байланысты жетіжылдыққа айналған. Оқушылардың саны жүзден асқан соң, 1962 жылы жаңа ғимарат қаланып, сегізжылдыққа айналған.2010 жылы бастауышқа қайта ұйымдастырылды. Тұтасымен алғанда мектеп мемлекеттің тарихымен бірнеше кезеңдерден өткен, бастауыш – жетіжылдық – сегізжылдық – тоғызжылдық – бастауыш.

1926 жылы Новокузьминка селосында (қазіргі Жаңа жұлдыз) жаңа мектеп ашылып, мұғалім Малахов Иван, кейін П.Е. Хоменко болды, мектепте 2 сынып, 3 сыныпқа Күпін ауданының Кочубай селосына барды.

Мектеп ағаштан салынған, 2 қатар парта, 1 қатарда бірінші сынып, екінші қатарда екінші сынып отырды.

1933 жылы Новокузьминкада Ткаченко Емельянның үйінде бірінші төртжылдық мектеп құрылып, директоры Метлушко болды, ал 1937 жылы жетіжылдық мектеп ашылды. Мектептің директоры Ф.Я. Рудик, орынбасары Г.Р.Дробин, мұғалімдер: М.И.Дементьева, А.И.Дементьева, Н.И.Улиха, П.П.Байдуша, А.М.Паномарева. Бұл жылдары мектепте орыс сыныбымен қатарлас қазақ сыныбы жүрді. Қазақ мектебінде орыстар да оқыды.

1939 жылы Жуков Василий қазақ мектебінің ең үздік оқушысы ретінде Алматыға Жамбыл Жабаевқа барды. Өзімен бірге мінездемесін, табелін апарды.

Қазақ халқының салты бойынша Жамбыл атаның отбасы бір апта бойы Василийді қонақ қылып дастархан жайған, кетерінде Жамбыл таспен құрастырылған қамшы сыйлаған. Василий Жамбылдың домбырасында ойнаған, Жамбыл «домбырада ойнауды үйрен, мен сияқты ақын боласың» деп ақыл берген. Әкелген мінездемесі мен табелін Жамбыл өзіне қалдырған.

1945 жылы Михайловка селосындағы ең жақсы ғимарат мектеп салынды.

1956 жылы тағы да жаңа мектеп ашылып, сегізжылдыққа көшті, онда 100-ден артық оқушы болды, директоры –Варлов Николай Иванович.

1963-1964 оқу жылдары онжылдық білім дәрежесін алды. Директорлар: В.С.Астафьев, К.Р.Жұмабеков, Б.К.Кималиденов, В.П.Филатов және басқалар.

1985 жылы үш қабатты жаңа мектеп салынды.Директорлары: С.Н.Джежора, В.К.Левенец, Ш.К.Кантарбаева, К.Е.Абишев, М.Б.Жалмағанбетов, қазір –А.Н.Сүлейменова.

Есқара селосының мектебінің тағдыры өте күрделі. 30 жылдары Холма селосында (Есқараның орны) шіркеу-кіріс мектебі болды, онда Украина мен Ресейден келген Марковтың, Черкашиннің, Жуковтың балалары оқыды.

Жастар сауаттылыққа оқыған ең алғашқы қазақ мектептерінің бірі Сатығұл қыстауында 1926 жылы (Есқара ауданында)құрылды. Мұғалімдер:Аканов Тілеуберді, М.Ж.Абылхасанов, барлығы -16 оқушы.

Есқара мектебі – Железин ауданында ғана емес, Павлодар облысындағы ең ескі мектептердің бірі. 1934-1958 жылға дейін жиырма жыл бойында (селолық округтың мөрімен – Талапкер деп аталған) аудандағы жалғыз қазақ мектебі болған. Асар – қазақша «бүкіл әлем» дегенді білдіреді. 1934 жылы бір қабатты мектепті осылай салып, оған көрші аз ауылдардың партаға отыруға жарайтындары келіп отырған, мектеп үшін саманнан кірпіш

дайындаған. Мектеп жанындағы қосымша орынға интернат орныластырылды.

1939 жылы бірінші 10 сынып түлектері шықты.1943 жылы 9 сыныпта оқу тоқтатылды. Мектепте мұғалім қалмады, бәрі соғысқа аттанды. Кейін сабақ қайта басталды, оқи алмаған есқаралықтар қайтадан партаға отырды. Соғыстан кейінгі жылы бұрынғы екі қабатты санамағанда тағы да үш мектеп салынды.

Мектеп өзінің ғылым кандидаты және докторлыққа жеткен түлектерін мақтан етеді: Уалиев Гахип, Ахметов Ғалым, Усин Тельман, Сағиева Шамшия, Республикаға әйгілі кинорежиссер Тәукелов Слямбек. Осы мектепті ауданның дамуына үлкен үлес қосқан, совхоз директорлары қазіргікезде құрметті демалыста отырған - К.А.Жаукенов, Д.Ш.Ахметов, В.И.Мельник, Е.Н.Нығманов, Б.Н.Нұрмұханов. бітірген.

Одақтас республикалардан тың игеруге әр ұлт өкілдерінің келуіне байланысты 1960 жылы мектеп орыс тілінен оқытуға көшті. Тек қана 1989 жылы қазақ тілінде оқытылатын алғашқы бастауыш сыныптар ашылды.1988 жылы Есқаралық деп аталды. 2000 жылы қайтадан орта мектеп болды.

Алғашқы түлектер өздерінің ұстаздарын ерекше ризашылықпен еске алады: А.Жағыпарова, Т.Қасымова, Жанғазина, Ш.Ахметова, Ж.Рамазанова, З.Сарина, Г.Дюсекина, С.Б.Бегежанова, З.М.Мұхитов, М.К.Канафина, ағайындылар Шайхана және Шаймардан Жакуповтар, Ж.Темірғалин, Н.Нұртазин, З.Н.Рубан, Н.Н.Оноприенко, Шавкеро, А.Бекмұқанбетов, К.Төлебаев, Ж.Б.Ахметов және басқалар.

Қайта құру кезеңі демографиялық жағдайға әсер еттті, оқушылардың құрамы айтарлықтай күрт төмендеді -46 оқушы ғана. Бірақ мектеп білім беру сапасын төмендетпеді.

Қазіргі ғимарат 1971 жылы салынған, тұрпатты емес, 9 пән кабинеті, еңбекке баулу шеберханасы, 10 бірлікке компьютерлік сыныбы, бір интербелсенді тақтасы бар. Ұжымның мақтанышы мектептің мұражайы. Білім мекемесінде 18 мұғалім жұмыс істейді, 80% жоғары білімді.Барлық оқушылар спорт секцияларымен, пән үйірмелерімен, биология, тарих, өлкетану пәндерін тереңдетіп оқумен қамтылған.

«Қызыл әскер» колхозында (қазір Веселая роща ЖБОМ) алғашқы мектеп 1928 жылы салынды. Шынында, бұған дейін мектеп болған, бірақ ғимарат берілмеген, сабақтарды кезекпен шаруалардың үйінде өткізген. Рухани семинарды бітірген Мархун Матвей мұғалім болған.1934 жылы мұғалім Макаренко Тамара Павловна. 30 жылдары мектепті В.П.Шилягин басқарды. Соғыс жылы директор болғандар А.А.Иванько, Т.П.Макаренко.Соғыс жылдарының алдында оқушылардың саны өсті, 1945 жылы жетіжылдық мектеп ашуды ұйғарды. Директорлар: Сурина Евдокия, В.К.Исаков, А.С.Шегорьцов, А.С.Царько, Л.А.Сердюков, П.А.Скачков.

Кез-келген тұрғындардың пунктының гүденуінің, сақталуының басты факторы – қазіргі мектеп. Біздің кезімізде ауылдық жерде рухани, тәрбиелік және білімділіктің ошағы – мектеп. Мектептің тарихынан үзінді:

1956 жылы мектепте 93 оқушы оқыды, 8 мұғалім жұмыс істеді; 1982 жылы мектепте 30 мұғалім, 426 оқушы; 1986 жылы оқушылардың саны 332.1997 жылы 25 мұғалім жұмыс істеді: М.а.демиденко, Н.А.Бонова, И.Горлова, Л.С.Сикорская, В.Т.Зайцева, Э.Э.Гербер, И.Н.Маняшина, Ю.Н.Құсайнов, Б.Г.Килибаева, В.Ф.Зайцев, В.Я.Савкин, Н.М.Баранов, О.М.Барило, К.М.Барило, К.М.Дюсенов, Р.С.Құсайнов, Т.М.Қуанышев, Г.М.Бовшик, Л.Н.Степовая, К.Б.Хамитова, Б.К.Жакупов.

Білім мекемесінің жетекшілігінің орны ерекше. Бір кездерде директор болғандар: Н.И.Пугач (1964-67 ж.); Кималиденов Баукен Кабышұлы (1968 ж.); Бижигитов Абдраш Бижигитұлы (1969-1976 ж); Кондратов Алексей Егорович (1976-1978 ж.); Савкин Виктор Яковлевич (1978-1997 ж.); Б.Г.Килибаев (1998-2002 ж.); О.Б.Джуманилов (2002-2003 ж). Оларды Т.М.Куанышев және Б.А.Байтенова ауыстырды.

Славяновка селосында 1926 жылы бірінші бастауыш сынып ашылды, 1971 жылы өзінің 8 сынып бітіруші түлектерін шығарады. 1989 жылы жаңа мектеп ғимараты пайдалануға берілді.Бастауыш сыныптан жалпы білім беру негізгі мектебіне жеткенше директор болғандар: Лавренюк Мария Павловна (жергілікті), ленинградтық Панина Ермолаевна Новоселова, Л.Ф.Василенко, С.Ж.Апаев, В.П.Сахариленко, В.П.Антонов, Б.С.Абдинова, О.Б.Джуманалинов.

50 жылдары Дүйсеке ауылында бастауыш жаңа мектеп ашылды.Бірінші мұғалім Боркина Надеждаға кішкентай үй берілді, бір бөлмесінде бастауыш сыныпқа сабақ беріп, екінші бөлмесінде өзі тұрды. Алғашқы оқушылар: Смағұлова Орынбасар, Жүсіпова Бақытжан, Борамбаев Көпей, Симоненко Валя.

1967 жылы сегізжылдық мектеп салынып, Алакөл болып аталды.Мектеп директоры М.Т.Сикорский. Оқушылардың құрамы 110 адам, 1978-1981 жылдары директор – Г.К.Оспанова; 1981-1993 жыл – С.Ж.Салатов. Мектептегі оқушылар саны -100.

1987 жылы жаңа екі қабатты тұрпатты 192 орынға мектеп салынды, директоры С.Ж.Салатов. Өзінің еңбек жолын бастағаннан зейнеткерлік жасқа дейін селода жұмыс істеген мұғалімдер Н.М.Боркина, Т.У.Шимпеисова. 1998 жылы мектепті Дүйсеке жалпы білім беру негізгі деп атады. 1995 жылдан осы кезге дейін директоры В.Я.Миненко.

Церковное (Новомир ЖББМ) селосының пайда болуының жүз жылдық тарихы бар,біршама өзгеріс құрылымдарын басынан өткізді. Сауаттылықты жою кезінде бірінші мектепті Антон Григорьевич Омельченко 1919 жылы өз үйінде ашты. Осылайша Кеңес үкіметі кезінде жалпы бастауыш туралы Заң жүзеге асырылды.1921 жылы мектеп жұмыс істей бастады. Тұңғыш мұғалім Михайловка тұрғыны Мельников Павел Васильевич.1928 жылы қоғамдық бастамада тұрғындар жаңа мектеп орнын салды, әйелдер қабырғасын майлады, ерлер Задарожный Максим Захаровичтың бастауымен құрылыс жұмыстарын жүргізді. 1928 жылдан 1932 жылға дейін балаларды Горбачев Герман Ерофеевич