2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін8
Кеше60
Апта227
Ай1416
Барлық күндері105160

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

Аудандық техикалық шығармашылық конкурсы

   Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу шеңберінде 2016 жылғы 14 желтоқсанда Успен ауылы «Балдырған» БЭО базасында «Жас өнертапқыштар» робот техикасы бойынша аудандық конкурс және «Мен сенімен мақтанамын, менің Қазақстаным» макеті және көлемді фигуралар конкурсы өтті.

   Білім беру ұйымдары оқушылары арасында ғылыми-техникалық шығаршылықты тарату іс-шараның мақсаты болып табылады. Конкурсқа робот техникасы аймағында және құрылымдау әзірлемелері қатысты: жұмыс моделі және роботтандырылған құрылғы, мұғалімдердің қолдауы кеңесімен және өздігінен жаттықтырушы жасаған. Робот техникасы конкурсына 5-9 сыныптың оқушылары №1 Успен ЖОББМ және №3 Успен ЖОББМ қатысты, оқу жылының басында жаңа курс енгізілді.

   Әрбір мектеп түрлі жұмыс ұсынумен ерекшеленді.

   Әділқазылар алқасы 2 номинация бойынша жұмыстарға қорытынды шығарды.

   «Инженерлік шешімі үшін» номинациясымен №3 Успен ЖОББМ (жетекшісі - Е.А. Сатыбалдинов) командасы марапатталды.

1 орынға лайықты «Фабрика спиннерлары» жұмысы (Садвакасов Назар, Кұсайын Арман - 9 сынып).

2 орын - «Робот - күшік» (Скакова Айжан, Назымбек Данияр - 5 сынып).

3 орын - «Мүдірмейтін басқыш» (Бердімұрат Марат - 9 сынып)

   «Бағдарламалау кезінде» номинациясымен №1 Успен ЖОББМ (жетекшісі - А.Н.Захаров) командасы жұмысы лайықты деп бағаланды.

1 орын – «Қара жорға» роботы (Жаскайратов Жан - 7 сынып)

2 орын - «Бөгенбай батыр» және «Қабанбай батыр» роботы (Эрпорт Никита-8 сынып)

3 орын - «Чаппи» және «Репс» роботы ( Тарасенко Ксения - 7 сынып).

   Көлемді фигуралар және макеттер конкурсында 1 орынға «Қыран» Богатыр НЖББ және «Біздің Қазақстан» №1 Успен ЖОББМ жұмыстары лайық деп танылды. 2 орын - «Қазақстан даласы» Тимирязев ЖОББМ, «Қазақстан Республикасының рәміздері» №3 Успен ЖОББМ. 3 орын – «Жайна, қазақ елі» Ольгин ЖОББМ және «ЭКСПО-2017» Константинов ЖОББМ.

   Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!

1 2
2