2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін53
Кеше55
Апта212
Ай1401
Барлық күндері105145

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік елім, тірегім – самғауыңды тіледім» мерекелік кеш

   Успен ауылы жүрегінде №3 Успен қазақ орта мектебінде ҚР Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік елім, тірегім – самғауыңды тіледім» мерекелік кеші өтті.

   Кешке шақырылған қадірлі қонақтар мен ата-аналар қауымы қатысты. Мерекелік кеш 2 бөлімнен тұрды.

   Алғашқы бөлім салтанатты рәсім мектеп директоры Бибігүл Шәйкенқызы Жұмабекованың құттықтау сөзімен басталды. Өзі басқарып отырған ұжымдағы мұғалімдер мен техникалық персоналдарды адал еңбегі, жеткен жетіктері, мектептің гүлденуіне қосқан еңбегі үшін алғыс хаттармен марапаттады.

   Екінші бөлім мерекелік концертік бағдарламамен жалғасты. Концерт шымылдығын «Тәуелсіздік күніне» әнімен оқушылар ашты. Оның артынша ата-аналардан құралған ансамбль күмбірлеген домбыра үнімен жиналғандардың құлақ құрышын қандырды. «Туған өлке» әніне қазақ ауылының жайма шуақ тұрмысына инсценировка көрсетті. «Мәңгілік Ел – Қазақстан», «Егемен Ел» әндерімен қазақ елінің болашақтағы алар асулары, бағындырар белестері биік екендігі байқалды.

   Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығын үлкен ұжым болып, оқушылар мен ұстаздар, ата-аналар қауымы ән шырап, би билеп, көтеріңкі көңіл-күймен атап өтті.

1 2