2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін49
Кеше158
Апта354
Ай354
Барлық күндері111796

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

Аудандық шахмат жарысы

   2017 жылдың 14 ақпанында Успен ауылының «Балдырған» балалар орталығында мектеп оқушыларының аудандық 10-шы қысқы спартакиада есебіне шахмат жарысы өткізілді.

   Жарысқа жалпы 45 оқушы қамтылуымен ауданның 9 мектебі қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесі тәртіпте анықталды: 3-ші орынды Константинов ЖОББМ командасы иеленді, құрамы Галимов И., Козлов В., Бабин А., Жумадирова Г., Идирисова Э, команда жаттықтырушысы А.Ш.Есембаев, 2-ші орынға № 3 Успен ЖОББМ командасы ие болды, команда құрамы: Садвакасов Н., Ибраев А., Бақытбекқызы Ф., Тыржыкаев А., Кашим А., команда жаттықтырушысы М.Б. Құрманалинов. Ал жарыс жеңімпазы атанған Лозов ЖОББМ командасы. Команда құрамы: Нурмухамбетов Т., Нурмухамбетова Ж., Алимов М., Балтыбаев А., Жакажанова Ж., команда жаттықтырушысы М.Н. Сейітов.

   Жүлделі орындарды иеленген қатысушылар мен командалар «Қайсар» балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру тәрбиесі клубының грамоталарымен және медальдарымен марапатталды. Павлодар қаласында 2017 жылғы ақпанның 17-19 аралығында өткізілетін облыстық жарыстарға қатысу үшін үздік спортшылардан ауданның құрама командасы құрылды.

 

1 2