2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін31
Кеше80
Апта111
Ай1110
Барлық күндері108157

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

«Биіктерге бірге!» конкурсындағы жеңіс

 

    Балалар мен жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, көшбасшылық дағдыларды дамыту, сондай-ақ мектептердің жаңа стандарттар мен технологияларға сәйкес спорт құрал - жабдықтарын сапалы жаңарту мақсатында Павлодар облысы әкімдігінің қолдауымен «Самұрық-Қазына» АҚ компаниясы тобы және «Samruk-KazynaTrust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры орта білім беру ұйымдары арасында «Биіктерге бірге!» конкурсын өткізді.

   Конкурсқа шығармашылық бейнероликтер форматында материалдар ұсынған № 1 және №3 Успен мектептері қатысты.

   2017 жылғы 14 сәуірде «Биіктерге бірге!» конкурсының үздік спорттық жоба жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Конкурс ұйымдастырушыларынан конкурсқа қатысушылар сыйлыққа спорт құрал-жабдықтары мен оларды пайдалану бойынша әдістемелік құралдар алады.

   Іс-шараға Павлодар облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Мейрам Мұхаметрахымұлы Бегентаев, «Samruk-KazynaTrust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының басқарушы директоры Лима Диас, еншілес және тәуелді ұйымдар (ЕТҰ) өкілдері, «Самұрық-Қазына» АҚ компаниясының тобы, сондай-ақ Павлодар облысының жетекші спортшылары қатысты.

 

1 1