2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін34
Кеше31
Апта65
Ай671
Барлық күндері107718

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

Жол қозғалысы жас инспекторлары жасақтарының республикалық конкурсының аудандық кезеңі

   2017 жылдың 24 сәуірінде «Балдырған» балалар эстетикалық орталығы базасында жол қозғалысы жас инспекторлары жасақтарының республикалық конкурсының аудандық кезеңі өтті.

   Конкурстың мақсаты – балалар мен жасөспірмдердің қатысумен орын алатын жол көлік оқиғаларының салдарынан жарақаттанудың алдын алу жұмыстарын жетілдіру және балалардың қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғалары мәселелеріне мүдделі ведомстволардың, ұйымдар, қоғамдық ұйымдардың назарын аударту болып табылады. Конкурсқа ауданның 9 мектебінен жасақтар қатысты.

   Қатысушылар «Саптық байқау», «ЖҚЕ білгірлері», «Жас реттегіш» , «Велосипедті кедергілермен айдау», «Жас санитар», «Эрудиттер турнирі», «Үгіт бригадалар конкурсы» бойынша сайыстарға қатыстып жарыс кезеңдерінде іскерлігі мен шеберлігін, өз білімдерін көрсетті.

   Сот алқасынның жұмысына кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор А.С.Аралбаев, жол-патруль полдициясының полицейі Д.Б.Исенов, аудандық орталық аурухана медбикесі Қ.А.Нұрбаева қатысты.

   Жол қозғалысы жас инспекторларының жасағы сайысының қорытындысы бойынша 1 орынға № 2 Успен ЖОББМ, 2 орынға №1 Успен ЖОББМ, 3 орынға Лозовой ЖОББМ және Тимирязев ЖОББМ ие болды. «Ең үздік велосипедші» номинациясы бойынша №1 Успен ЖОББМ Румянцев Павел, «Ең үздік рететегіш» және «Ең үздік ЖҚЕ білгірі» атағына №2 Успен ЖОББМ Кулага Даниил иеленді.

   2017 жылғы 18 мамырда өтетін облыстық конкурсқа Успен ауданы атынан № 2 Успен ЖОББМ командасы қатысады.

 

1